InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаТұсаукесерШоу бизнесӘнші

Димаштың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің өзі режиссерлық еткен жаңа туындысы көпшілікті таңырқатты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Димаштың жаңа әні мен бейнебаяны жарыққа шықты. «Қайран елім» деп аталатын жаңа туындыны көпшілік ерекше қабылдады. Бейнебаян елімізде, жалпы әлемде  болып жатқан қиын кезеңді, адамзат баласының бүгінгі қасіретін әсерлі жеткізеді. Ұзақтығы 7 минуттан асатын музыкалық видеоның форматы да өзгерек. Туынды қазақ даласының киесін, халқымыздың кеңдігін суреттейтін ерекше үндеумен басталады.

Әннің авторы Ринат Гайсин болса, сөзін ақындар Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған. Сондай-ақ, әнге ерекше үн қосқан қобызшы Олжас Құрманбек болды.

Бұған дейін Димаш желіде өз бейнебаянына режиссерлық еткенін мәлімдеген еді. Алматы өңірінің әсем табиғатында түсірілген жаңа музыкалық композицияны әншінің жанкүйерлері асыға күтті. Бейнебаянда отқа оранған Димаш адамзатқа үндеу жасайтындай. Үміт үзбей, жақсылыққа сенуді, мықты болуды жеткізгісі келгендей. Өнер иесінің оқырмандары мен шынайы жанкүйерлері кезекті еңбегін жоғары бағалап, алғыстарын жеткізуде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close