10 дерекБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Мұхаммедали ЖҮГІНІСОВ: Қайрат Нұртастың шығармашылығы ұнамайды

«Ағайынды Жүгінісовтер» тобының кенжесі Мұхаммедали шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Салтанат Аякен: Құрметті көрермен, Shownews-тің бүгінгі қонағы Мұхаммедали Жүгінісов. Кезінде ән айтып жүрген кішкентай бала қазір ер жетіп, жігіт болды. Мұхаммедали, қалың қалай? Шығармашылығыңда қандай жаңалық болып жатыр.  

 Мұхаммедали Жүгінісов: Сәлем! Шығармашылықта қазіргі уақытта жоспар көп. Үлкен проект дайындап жатырмыз деп айтуға болады.

Салтанат Аякен: Әнді қандай бағытта жазып жатырсыңдар?

Мұхаммедали Жүгінісов: Бұл құпия. Көбісі эстрадалық немесе R&B жанры деп ойлайды. Бірақ бірнеше жанр қосамыз. Нақты жанрды айта алмаймын.

Салтанат Аякен: Қазір кішкентай Мұхаммедалидің бейнесі көз алдыма елестеп отыр. Шашың баршылық еді. Қазір шашыңның үлгісі өзгерді. (күліп) Стилін өзгерді. Мұхаммедали жасың нешеде қазір?

Мұхаммедали Жүгінісов: Он алтыда.

Салтанат Аякен: Мектепте оқисың? Нешінші сыныпта оқисың?

Мұхаммедали Жүгінісов: Он бірінші сыныпта.

Салтанат Аякен: Биыл бітіргеннен кейін музыкалық білім аласың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Білмеймін. Ол жағын ойланып көремін.

Салтанат Аякен: Актерлік мамандығың қалай?

Мұхаммедали Жүгінісов: Мен қазір актерлік мамандығында оқымаймын. Шығып кеттім.

Салтанат Аякен: Оқыдың негізі, иә?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә.

Салтанат Аякен: Шақырды ма өзі бір кино? Сенің ойнай алатыныңды көрді ме, әйтеуір? (күліп)

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә, басты рөлдерге ұсыныстар келіп жатыр. Алдағы уақытта фильмдерге түсемін деп ойлаймын. (күліп)

Салтанат Аякен: Шақырады деген ойдамын. Мұхаммедали, ата-анаңмен қаншалықты ақылдасасың?

Мұхаммедали Жүгінісов: Әрине, ақылдасамын. В плане творчества, в плане жизни. Көп сұрақтармен көбінесе анаммен сырласамын. Но бывает когда надо принимать самому принимать решения. Сол кезде өзім шешемін.

Салтанат Аякен: Мысалы қандай кезде өзің шешім қабылдап, ешкімге айтпай,  ақылдаспай жасап кеттің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Осы проекті ешкімге айтқан жоқпын деп айтуға болады. Мысалы, мен сұхбаттың өзінде толықтай айталмаймын ол туралы. Қазір енді өзіміз саунд-продюсерімізбен бірге ойластырып жатырмыз барлығын.

Салтанат Аякен: Ағаларың қазіргі танда өздерінің жеке шығармашылығымен айналасып жатыр. Жалпы, «Ағайынды Жүгінісовтер» өзі не болып жатыр?

Мұхаммедали Жүгінісов: «Ағайынды Жүгінісовтер» «Ағайынды Жүгінісовтер» болып қала береді. Біз әрдайым біргеміз. Бірге шығамыз. Бірақ та қазір әрқайсымыз жеке-жеке, жеке творчестваға мән беріп жатырмыз.

Салтанат Аякен: Сендер ер жеттіңдер. Себебі сол ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, оған байланысты емес. Бірақ «Ағайынды Жүгінісовтер» әрдайым «Ағайынды Жүгінісовтер» болып қалады. Алдағы уақытта әндеріміз шығады, альбом шығады.

Салтанат Аякен: Эстрададағы өзге жас өнерпаздармен қарым-қатынасың қалай? Q-pop, рок орындайтын әншілерді білесің бе? Араласасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Мен сольно бастап жатқандықтан көбісі Q-pop, К-pop жанрында ән айтам ба деп ойлайды. Шынымды айтсам, мен ол жанрды қолдамаймын. Ұнамайды. Это для меня  не качественно., просто. Не нравится.

Салтанат Аякен: Получается, «не качественно» это Ninety-one?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, мен Ninety-one тобы, негізі, жақсы жігіттер. Талантты жігіттер. Оларға сөз жоқ. Дауыстары өте керемет. Мен өзім тыңдамаймын Ол жанр ұнамайды.

Салтанат Аякен: Рок?

Мұхаммедали Жүгінісов: Рок… Ну, нейтрально отношусь. Мен көп жанрларда ән айта беремін. Фанк, джаз, рок, эстрада, R&B, в размешку. Мен кез келген жанрда айта бере аламын.

Салтанат Аякен: Жарайды, түсіндім. Эстрада да сен біреумен араласасың ба? Өзіңмен жасты жігіттермен?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә, араласамын. Бірақ қазір мен жұмыс жасап жатырмын. Қазір уақытым жоқ, шынымды айтсам.

Салтанат Аякен: Күндіз-түні студияда?

Мұхаммедали Жүгінісов: Күндіз-түнді студияда, иә. Қазір көріп тұрсаңыздар, көзім қызарып тұр. Сол студияда ұйықтамағандықтан. (күліп)

Салтанат Аякен: Шынымен, ұйықтамағандықтан ба? (күліп)

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә. (күліп)

Салтанат Аякен: Жалпы, шоу-бизнесте кіммен дуэт жазғың келеді?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жалпы Қазақстанда ма?

Салтанат Аякен: Иә, Қазақстанда.

Мұхаммедали Жүгінісов: Ойлаған жоқпын. Ешкіммен жазуды ойламаппын.

Салтанат Аякен: Димаш Құдайбергенов айтса?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, ойлаған жоқпын.

Салтанат Аякен: Жоқ, ұсыныс тастаса. «Мұхаммедали, сенің творчестваң ұнап жүр маған» десе?

Мұхаммедали Жүгінісов:  Если предложит, без проблем. (күліп)

Салтанат Аякен: Если он сам предложит, а ты не хочешь?

Мұхаммедали Жүгінісов:   Если он сам предложит, я сам не хочу.

Салтанат Аякен: Қайрат Нұртас?

Мұхаммедали Жүгінісов:  Нет, не в коем случае. (күліп)

Салтанат Аякен: Неге?

Мұхаммедали Жүгінісов:  Ну маған творчествасы ұнамайды.

Салтанат Аякен: Ұнамайды? Ол Қазақстанда, шоу бизнесте «Number one» ғой.

Мұхаммедали Жүгінісов: Қазір мені көбісі түсінбей қалуы мүмкін. Түсіндіріп өтейін.

Салтанат Аякен: Иә, түсіндіріп кет. Әйтпесе, Қайрат Нұртастың фанаттары жеп қояды сені. (күліп)

Мұхаммедали Жүгінісов: Оған күмәнім жоқ. Қазір көріп жатқан адамдар ойлайтын болар «мынау не айтып отыр» деп. Мысалы, Қазақстанда Қайрат Нұртас ең танымал адамдардың бірі. Бірақ оған өзінің шығармашылығы ұнайды, сол бағыт ұнайды. Ал ол бағыт маған ұнамайды. Менде басқа бағыт.

Салтанат Аякен: Тыңдамайсың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Тыңдамаймын. Бірақ маған «Арман» деген әні ұнайды.

Салтанат Аякен: Шынайы болғаның үшін рахмет. Негізі, осы эстрададан немесе әншілерден қандай әртіс ұнамайды десең, бәрі күшті деп айтады. Бірақ сен өз ойыңды айтқаның үшін респект.

Мұхаммедали Жүгінісов: Рақмет. (күліп)

Салтанат Аякен: Инстаграм желісіне үйіңде караокемен ән айтатыныңды жиі саласың. Жалпы, күнделікті айналысып жүресің бе?  Дауысынды қадағалап, мұздай су ішпей, түнде қыдырмай дейтін сияқты ережелерді ұстанасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, ондай болған жоқ менде. Мен салқын су да іше беремін, балмұздақ та жей беремін, шемішкені де шағамын. Дауысымды күтіп, әрдайым дайындалу деген жоқ.

Салтанат Аякен: Негізі, әншілердің дауысы октаваға бөлінеді. Сенікі қайсысы?

Мұхаммедали Жүгінісов: Тенор. Менің дауысым енді қалыптасып келе жатыр.

Салтанат Аякен: Өйткені кәмелеттік жастан өтіп жатырсың.

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә.

Салтанат Аякен: Кәмелеттік жаста адамдар депрессиға түсіп, әке-шешесін тыңдамау деген болады ғой. Сондай уақыттар болды ма? Сен не істедің? Саған кім қолдау көрсетті?

Мұхаммедали Жүгінісов: Ағаларым, менің ата-анам, менің жақындарым.

Салтанат Аякен: Сен бұзық болдың ба? Жоғалып кеттің бе? Не істедің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, жоғалып кеткен кездер болған жоқ. Бірақ, әрине, біраз ақаулар болды. (күліп) Но я считаю, что это нормально. Меня поддержали тогда. Менің жақындарым, ағаларым, ата-анам.

Салтанат Аякен: Жұлдыз болуыңды тілеймін, әрине. Қазақстанды танытатын танымал әртіс бол. Сол кезде танымалдылықты көтеру қиын болады. Сен соған дайынсың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Енді, ол біріншіден, маған, менің мінезіме байланысты.

Салтанат Аякен: Бірақ маған сен көтере алмайтын сияқты көрінесің…

Мұхаммедали Жүгінісов: Көтере алмайтын сияқты? Мүмкін. Доживем увидим, посмотрим. Соған жеткен соң көреміз.

Салтанат Аякен: Мысалы, көшеде «Мұхаммедали келе жатыр» деп таниды ма? Суретке түсе ме?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә.

Салтанат Аякен: Сол кезде «мен әншімін ғой» дген статусты ұстап тұрасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ. Өйткені, әртісті көтеретін де халық, түсіретін де халық. Әртіс халықтан әрдайым төмен болады. Жанкүйерлеріміз, тыңдармандарымыз болмаса, біз ешкім емеспіз.

Салтанат Аякен: Сенің фан парақшаларың бар ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Бар.

Салтанат Аякен: Сені неше жас аралғында тыңдайды?

Мұхаммедали Жүгінісов: Шамамен, он төрт пен жиырма бес аралығы болып қалар.

Салтанат Аякен: Ағаларыңмен көп сырласасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ.

Салтанат Аякен: Кіммен сырласасың?

Мұхаммедали Жүгінісов: Құпия ол.

Салтанат Аякен: Бірақ сырласатын адамың бар?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә, бар.

Салтанат Аякен: Еркек, қыз, әйел, апай? . (күліп)

Мұхаммедали Жүгінісов: Еркек. (күліп)

Салтанат Аякен: Сенің жазғаның: «Бәрі солай ойлайды, өзінше деп, көп қыздармен жүресің деп. На самом деле…» На самом деле?

Мұхаммедали Жүгінісов: На самом деле, мы хорошие пацаны. (күліп)

Салтанат Аякен: Инстаграм желісінде бір қыздың суретін салғаныңды көргенмін.

Мұхаммедали Жүгінісов: Ол қай жылдары болды?

Салтанат Аякен: Қай жылдары емес. Ол былтыр.

Мұхаммедали Жүгінісов: Былтыр мен ондай салған жоқпын.

Салтанат Аякен: Салып, қайта өшіріп тастаған шығарсың мүмкін. (күліп)

Салтанат Аякен: Қызың бар ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ.

Салтанат Аякен: Қызың ренжіп қалады ғой. Айта салсаңшы.

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ. (күліп)

Салтанат Аякен: Ертең сұхбатты көріп, жүрегі ауырады ғой.

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ, жоқ. (күліп)

Салтанат Аякен: Ата-анаң «мына қызбен сөйлесіп қойдық, ата-анасы бәрі жақсы, сен осы қызды аласын» десе?

Мұхаммедали Жүгінісов: Әке-шешем жеке өміріме араласпайды.

Салтанат Аякен: Мұхаммедали, сен бұзықсың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Оны қалай түсінуге болады?

Салтанат Аякен: Қыдырасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Қыдырамын.

Салтанат Аякен: Темекі шегесің бе?

Мұхаммедали Жүгінісов: Шекпеймін.

Салтанат Аякен: Ішесің бе?

Мұхаммедали Жүгінісов: Ішпеймін.

Салтанат Аякен: Нешеге дейін қыдырасың?

Мұхаммедали Жүгінісов: По-разному. Когда как.

Салтанат Аякен: Таңғы беске дейін?

Мұхаммедали Жүгінісов: Болды, иә.

Салтанат Аякен: Машинаның тізгініне отырасың ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә.

Салтанат Аякен: Жол ережесін бұзған кезің болды ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Болды.

Салтанат Аякен: Қалай бұздың? Не істедің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жаяу жүргіншіні өткізбей кетіп қаласың, бағдаршамнан байқамай өтіп кетесің, әдейі емес.

Салтанат Аякен: Мұхаммедали, қысқа әрі нұсқа он сұрақ қоямын. Соған жауап берсең. Мұхаммедали, көп уақытын инстаграмда құртады ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Мен тек қана видео, контент саламын. Хабарлама, жарнамаға қатысты хабарламалар келсе, соларды қараймын.

Салтанат Аякен: Мұхаммедали, ерке ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Иә.

Салтанат Аякен: Ең жек көретін сөзің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Ең жек көретін сөзім – болшы тез.

Салтанат Аякен: Ең жақсы көретін сөзің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Анашым.

Салтанат Аякен: Мұхаммедали үй жинайды ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Жоқ.

Салтанат Аякен: Мұхаммедали түнгі клубқа бара ма?

Мұхаммедали Жүгінісов: Барады.

Салтанат Аякен: Үш сөзбен сипаттап берші өзіңді.

Мұхаммедали Жүгінісов: Артист, подросток, солист группы братьев Жугунусовы. Все. (күліп)

Салтанат Аякен: Джастин Бибер или Джони?

Мұхаммедали Жүгінісов: Джастин Бибер, конечно.

Салтанат Аякен: Ең сүйікті асың?

Мұхаммедали Жүгінісов: Бешбармақ.

Салтанат Аякен: Кумирің кім?

Мұхаммедали Жүгінісов: У меня их много.

Салтанат Аякен: Біреуін атап өтші.

Мұхаммедали Жүгінісов: Джексон, Бибер, Стивен Уандер, Рич Арлс много их.

Салтанат Аякен: Мейрамбек Беспаевты тыңдайсын ба?

Мұхаммедали Жүгінісов: Тыңдаймын.

Салтанат Аякен: Қандай әнін білесің?

Мұхаммедали Жүгінісов: Көп әндерін білемін.

Салтанат Аякен: Жазып жатқан әндеріңнің біреуін орындап берші.

Мұхаммедали Жүгінісов: Болмайды. Шерннің әнін орындап берейін.

Салтанат Аякен: Да. Көп рақмет. Жақсы сұхбат болды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close