InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерШоу бизнес

Шоу-бизнестің еркелері

Жұлдыздардың балаларын танисыз ба?

Қанша жасыруға тырысқанмен өнер иелерінің отбасы, балалары әрдайым жұрт назарында. Неге екенін қайдам, олардың өмірі қызық боп көрінеді көпшілікке. Жүзіне бір қарап, кімнің баласы екенін жазбай танитын шоу-бизнестің еркелеріне бір сүйсінейік бүгін. Тамсанбастан бұрын тіл-көзден сақтасын деп қойыңыз, көрермен!
Мәдидің өзі мына видеоны жарияламағанда, осыншалықты ұқсатар ма едік, кім білсін?! Расында, жиырма жасар бозбала Роза ханымның аузынан түскендей. Иә, Мәди Рымбаевтың анасының баласы екенін тегінен де байқауға болады. Ал ағасы Али Окапов марқұм әкесін еске салатыны анық. Сері жігіттердің сыртқы келбеттері ұқсамаса да, жұлдызды шаңырақты біріктіретін күштің бірі музыка іспетті.
Әкесін де, анасын да ренжітпеген мына тәттілерді танып отырған боларсыз. Гүлзира ханым айтпақшы, Қайроштың балалары бұл. Сезім, Алау, Нарұл, Хан сынды ерекше есімді балақайлар бүгінде ел назарында. Әкесі мен анасы, ата-әжесі бұрынғыдай жасырмайды. Концерт пен киноны, жарнаманы да қатырып жүр.
Санкобай деген жігітті танитын боларсыз? Айқын мен Жұлдыздың ұлы – Санжар. Бұл балақайдың желіде жеке парақшасы да бар. Түрлі видеоларымен, тәтті қылықтарымен танымал. Қарындасы Айя да ағасынана қалыспайды. Анасын да, әкесін де ренжітпеген балақайлар осы.
Анасындай сұлу әрі сүйкімді Амина мен Алихан! Ерлі-зайыптылар бір-біріне ұқсайтын болады дегенді біздің жұлдыздардан байқау қиын емес. Балаларының көпшіліктің көзінде ер жетіп, өсетіні де рас екен.
Әкесінен айнымай қалған Аяла елдің тәттісіне айналғалы қашан. Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруде. Көпбалалы жанұяның жігіттері де анасына онша тартпапты. Не десек те, Қарақат пен Қыдырәлінің көз қуанышы осы балалары.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close