ЖаңалықтарӘнші

Ақбота сүйіктісі туралы бар шындықты жайып салды

«Кешью» тобының топтан кететінін мәлімдеген әншісі Ақбота Сейітмағамбет өзінің сүйіктісінің кім екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол comode.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Мен туралы түрлі өсектер халық арасында өріп жүр. Мені «Алау» тобының жігітіне тұрмысқа шығады деген әңгіме де бар. Бірақ олай емес. Біз «Алау» тобының жігіттерімен тек қана доспыз», — деді ол.

Сонымен бірге, ол өзін біреудің отбасын бұзып, «Гламур для дур» деп аталатын кинокартинада өзімен бірге басты рөлді сомдаған Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққалы жүр деген өсек-аяңға да нүкте қойды.

Оның айтуынша, оның Дәурен Айдарқұловпен өнерден басқа ешнәрсе байланыстырмайды.

Сонымен бірге, Ақботаның үйлену тойының күні әлі белгіленбегенін де жеткізді.

«Той жазда болуы мүмкін», — деді ол. 

 

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close