Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаПродюсерСараптамаларСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘн сөздеріӘнші

«Кірмей қала ма деп қорқамын!» Қайрат Нұртаспен дуэт жазған әнші Argonya жұрттың сынына жауап берді.

«Кірмей қала ма деп қорқамын!» Өлең сөзі құлаққа ерсі естілетін дәл осы ән тыңдарманның ашуын тудырған еді. Аталған тректің орындаушысы – Бейбіт Қорған мен Argonya есімді әнші. Қазнеттің қызу талқысына түскен туындының авторы дау тудырған мәтіннің мағынасын таяуда көпшілікке түсіндіріп берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Кірмей қала ма деп қорқамын!» Бейбіт Қорған мен Аргония есімді әнші жігіт дәл осы тректі жарыққа шығарған сәтте, бірден сын садағына ілікті. Музыкасы әсерлі, бірақ мәтінін түсіне алмады көпшілік. Десек те, жұрттың жағымсыз жазбаларынан шаршаса керек, шу тудырған шығарманың мағынасын автордың өзі түсіндіріп берді.

«Ана жолы бір ән жазғанмын ғой «Кірмей қала ма» деген. Бәрі жаман жағынан ойлап қалып жатыр да. Мүлдем ол туралы емес. Бір ән жаздым аты осындай. Тағы бір ән жаздым дедім. «Неге тағы шығармайсың?» — дейді. Ән кірмей қала ма деп қорқамын. Соны түсінбей жатыр ғой», — дейді Argonya.

Арғын Аусаров – отандық шоу-бизнесте Аргония лақапатымен танымал. Өнер жолында өзіндік стилін таңдаған талант, біздің эстрадада тек танымал әншілермен ғана дуэт жазуды мақсат тұтқан секілді. Бейбіт Қорғанмен бастаған тандем, кейін Төреғали Төреәлімен жалғасын тапты. Айтпақшы, Аргония Айқынмен де шығармашылық байланыс орнатқан. Төлепбергеннің киноөндірістегі тырнақалды туындысына саундтрек жазған дәл осы жігіт. 

«Мен киноға саундтрек іздеп отырған едім. Сөйтіп Аргонияның репертуарын бәрін тыңдап шықтым. Ішінде осы ән ұнады. Өзімнің даусыма да келеді екен. Сөйтіп шығарып жібердік. Ойлар бар. Ән жөнінде, дуэт жөнінде. Аргония бізге бір ән жазып берсе, деген сияқты ойлар көп», — дейді Айқын.

«Мені қайта-қайта қинай береді ән жазып бер, ән жазып бер деп. Көреміз, жақсы дүниелер шығып жатса, біз ондайға қуана-қуана дайынбыз», — дейді Арғын Аусаров.

Аргонияның ән әлеміндегі қарқыны сәт сайын үдей түсуде. Қазіргі таңда ол Қайрат Нұртаспен фит жазып, оны хит қалудың қамына кіріскен. Келесі ән – қос өнерпаздардың жұбайларына арналады.

«Ал, қадірменді біздің жұбайларымыз – Жұлдыз,Әсел! Біз бәрібір не істесек те сіздердің қас-қабақтарыңызға қараймыз», — дейді Қайрат Нұртас пен ән авторы Арғын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close