Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыКлассикаМузыкаПродюсерРепортаждарСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘлем ЖұлдыздарыӘнші

«Жоспарда бар!» Әнші Индира Еділбаеваның шет елге қоныс аударатыны рас па?

«Украина дауысы» конкурсында ел намысын қорғаған Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева алғаш рет «Карантиндегі жұлдыз» жобасына сұхбат берді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Биыл «Украина дауысы» жобасының финалына төрт талант жолдама алса, оның екеуі Қазақстаннан. Алғашқысы – Индира Еділбаева, екіншісі бұл байқауда қазақтың ұлттық аспабымен ән салып, шет елдік шығармаларға ерекше интерпритация жасаған – Ерлан Байбазаров. Аздаған уақыт ішінде миллиондаған жүректерді жаулаған қос отандасымыз елге оралды. Олардың аталмыш сайыстан алған әсері де, елге айтар алғысы да шексіз.

«Киевті, Укриана елін жақсы көріп қалдық. Халықарылық конкурста өз еліміздің намысын қорғау біз үшін өте үлкен мәртебе болды»,  — дейді Еділбаева.

«Бұл соңғы жарты жылда өте керемет бір уақыт өткіздік. Өйткені, жаңа дем, жаңа деңгей деп жатырмыз ғой. Сахнада сондай шоудың бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Сол сіздердің көңілдеріңізден шығу үшін біз Индира екеуміз барымызды салдық»,  — дейді Байбазаров.

Айтпақшы, Украиндағы доданың алғашқы айналымында Ерлан өзін «таксист» деп таныстырған еді қазылар алқасына. Кәсіби музыканттың ауқымды жобада дәл осындай ақпарат беруі тегін емес. Бұрындары Байбазаров Алматыда көлік жүргізіп, нәпақасын тапқанын жасырмайды. Алайда, көпшілік өнер иесінің бұл қылығын тез танылудың тәсілі деп тұжырымдаған.

«Жоқ, ол шындық негізі. Ол осы уақыттағы оқиға емес. Ол бұрын болған оқиға. Сол себептен менің «таксист» болғаным рас, адамдарды тасығаным рас және адамдарды таси отырып ән айтқаным да рас»,  — дейді Ерлан.

«Украина дауысы» додасында танысқан Ерлан мен Индираның тыңдармандарына даярлаған тосын тартулары көп-ақ. Шет елдік байқауда әлем жұлдыздарын тікесінен тік тұрғызған қазақстандық қос талант, енді бірге ән шырқап, отандық шоу-бизнесті су жаңа дуэтпен толықтырмақ!

«Шындығына келгенде, дуэт жазу жоспарымызда бар. Бірақ қазір барлық құпияны ашуға асықпаймыз. Біз бірге дуэт жазу туралы ойлап және жұмыс істеп жатырмыз»,  — дейді Индира.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close