Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыка

Қайрат Нұртас пен Мадина Сәдуақасованың жаңа әні ұрланған ба?

Шет елдік шығармаларға жиі жиендік жасайтын жұлдыздарға әріптестері ашулы, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Қайрат мен Мадина дуэт жазып, әннің тұсауын Нұртастың кешінде кескен еді. Әуезді әуенсол концерттегі көрерменнің көңілінен шықты, үлкен қошеметке бөленді. Десе де тыңтрек желіге жүктелген күні қырағы көз тыңдарман оның плагаиат екенін анықтады.

Иә, бұл ән — Ютуб желісінде 51 миллион қаралым жинаған түрік өнерпаздары Мустафа Сандал мен Зейнеп Бостықтың ортақ дуэті. Ал, репертуарын өзге елдің туындыларымен толтырған әріптестерінің мұндай әрекетіне Оқапов қарсы.

 «Әр әнші өзі шешеді, ал жеке басым мен қарсымын. Өйткені ол қылмыстық іс, өнердегі. Өйткені біреудің шығарғанын ұрлап алу, өзіне тартып алу ол жақсы нәрсе емес», — дейді Әли Оқапов.

Ал, жігіттер тобының солисті Айдар бұрындары өзгенің қоржынына қол салғанын жасырмады. Десе де бүгінде өнер өкілі көшірме әуендерге мүлде жоламайтын көрінеді.

«Біздің жігіттер тобында да плагит әндер бар. Менің өзімнің жеке әндерімде де плагиат әндер бар.  Мен толық ол әндерді де еңбек деп айта алмаймын. Өйткені дайын әнді сөздерін аудара салып жаза салу ол еңбекке тұрмайды. Мен қазір көп құптамаймын ондай нәрсені», — дейді Айдар Тұрғанбек.

Бұл тақырып тек орындаушылардың емес, композиторлар арасында да жиі талқыға түседі екен. Мәселен, шетелдік әртістермен әрдайым байланыстағы Марат Омаров, қазақ эстрадасының өкілдерінеөзге елдегі өнерпаздардан жиі ескертулер келетінін айтады.

« Бүгінгі жастардың шетелден ән ұрлауы ол үлкен катастрофа. Бірақ мен сазгер ретінде, бүкіл композиторлар одағының мүшесі ретінде, қазір кейбір кезде олардың маған қарай айтып жатқан наздары бар. Бауырларыңызға айтсаңызды, сізді сыйлап, Қазақстан елінің азаматы ретінде , келісімшарт жоқ, дау-дамайға барғымыз келмейді, дегенмен де олар хабарлассын деп жатқан әріптестерім көп. Ол заңды түрде шешілмесе қиын жағдай», — дейді Марат Омаров.

Отандық орындаушылардың құлағына алтын сырға! Өзгеден ән алсаңыз келісімшартқа қол қойыңыз! Әйтпесе заңсыз әрекетіңіз үшін сот алдында жауапқа тартылуыңыз да ғажап емес.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close