InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

«Алданып қалдым!» Ернар Айдар алғаш рет ел алдына шықты

Ұтыс ойындары пен жарнама арқылы табыс тапқан әріптестеріне әнші Түсіпбаева қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп, карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылған Ернар Айдар, алғаш рет халық алдына шықты. Әнші әлеуметтік желі арқылы жақында орын алған оқиға жайлы баяндап берді.

«Міне, бүгін ғана телефонымды қолыма алдым. Біріншіден, мен үшін уайымдап, қолдауын көрсетіп, тілекші боп жатқан барша жанға, барша ағайынға алғысымды білдіремін. Және осы істің ақ-қарасын білмей, мені сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға, Алла сабыр берсін!», — деді әнші.

Анығында өнер иесі тек төтенше жағдай режимін өрескел бұзғаннан бөлек, алаяқтық жасағаны үшін де айыпталған көрінеді. Ол лотереяға тіккен төрт көлік те, Алматыдан береміз деген пәтері де жалған боп шықты. Тергеу барысында бұл жеке тұлғалардың атына тіркелгені анықталған.

«Сол ұтыс ойынын ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бәрі қамауда. Қазір Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті іс жүргізуде. Сол тергеу жұмыстарының әділ өтуіне, мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол лотереяға жарнама жасаймын деп, мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тлілеймін. Бәрі әділ өтеді деген сенімдемін», — дейді Ернар.

Ал Меруерт Түсіпбаева  жұлдыздардың жаппай ұтыс ойындарын өткізуіне үнемі қарсылық танытатын. Тіпті мұның соңы немен аяқталатынын баяғыда-ақ болжап қойған.

«Осы жарнама жасап, лотерея өткізіп, халықты алдап, ақша тауып жатқан жұлдыздарға мен айтпақпын: «Айламен тапқан мал арам, саған қайыр болмайды» деген  ата-бабамыздың айтып кеткен сөзі бар. Сол сияқты «из грязи в князь», — дейді өнер иесі.

Бүгінде тек Ернар Айдар емес, алаяқтықпен айналысты деген айып өткенде Кәмшат Жолдыбаеваға да тағылды. Бірақ іс насырға шаппай аяқталған еді. Енді Меруерт Түсіпбаева соңғы постында қыруар қаржыны ұтысқа салып, қара халықты алдады деп Мадина Сәдуақасованы жауапқа тартуда.

 «Маған бір қыз, миллион теңге ойнатқан Мадина Садуақасоваға шағымданып, хат жазыпты. Мен оны алаяқтардың тізімінде болады деп күтпеген едім. Сосын Мадинаға: «саған бұл не үшін керек»? деп лотерея туралы өз пікірімді жаздым. Бірақ мені бұғаттап қойды.  Және айтарым, тек Ернар емес, лотереяны өткізгендердің бәрі жауап берсін» — деп Түсіпбаева  Instagram парақшасында жазба қалдырған.

Бұл Меруерттің Мадинаға алғаш шүйлігуі емес, бұған дейін де қос өнер иесі арасында түрлі кикілжің туындаған. Түсіпбаеваның әрбір сөзі мен әрекеті Сәдуақасованың ашуын тудырса керек, әріптесін бұрын инстаграмында бұғаттаса, енді халыққа миллион ойнатып алдамауын сұрап, уотсабына жазған Меруертті қара тізімге тыққан.

 «Мен бұл жөнінде көмекшімнен естідім. Біз инстаграмда жұмыс жасап жатқан кезде ол кісі бір жақта «разберемся» деп жазыпты. Көмекшім мен сізді бұғаттап қояйын деп айтқан екен. Сосын маған мен Меруерт Түсіпбаева деген кісіні блокқа салып қойдым деді. Неге деп сұрағанымда, ол кісі сіздің жасап жатқан ісіңізге кішкене көңілі толмайды, ашуы бар секілді деп айтты. Мен Меруерттің маған деген реніші, бір ызасы бар ма деп түсіндім», — дейді Сәдуақасова.

Карантинде той-томалақсыз қалған, шоу – бизнес өкілдерінің қалтасы жұқарды ма, әйтеуір әлеуметтік желіні соңғы уақытта нағыз сауда орталығына айналдырды. Ал Меруерт Түсіпбаева жаппай лотерея өткізуге көшкен жұлдыздардан қалың жұртты қанамауын сұрады.

«Елден ұят, обал деген сөздер болатын. Қанағат, шүкір тәуба деген  болатын. Қазір ондай сөздер жоқ. Сол үшін әркім халыққа жақын ба, алшақ па оны өзінің мәдениеті, отбасында алған тәрбиесінің деңгейіне байланысты көрсетуде», — дейді Меруерт Түсіпбаева.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close