PR-менеджерЖаңалықтарСұхбаттар

Журналист Айдын Жасыбайға қысым көрсеткен қай əнші?

image

Қай өңірдің тумасы боласың?
Жамбыл облысы,Мерке ауданының тумасы боламын.Тараз қаласында үшінші сыныпқа дейін тұрдым,кейін ата-анамның жұмыс бабымен Шымкент қаласына қоныс аудардық.Мектеп бітіргеннен кейін,Алматы қаласына оқуға түстім.
Өнерге қалай келдің?
Қазіргі «Қазақ тв» арнасына кастингке қатыстым,ол кастингте жұлдызым жанып «Иновациялық Қазақстан» деген бағдарламаны жүргіздім.Сосын шақыртулар түсе бастады «Білім» арнасындағы «Желі» бағдарламасын жүргіздім.Отандық арналардың біріде бірегейі «Ел арна» арнасында,«Сүйінші» деген бағдарламаның бастапқыда редакторы болып қызмет атқардым,кейін сол бағдарламаныда жүргізу бұйырды.
Қай бағдарлама сені көпшілікке танымал етті деп ойлайсың?
«НТК» арнасындағы «Таң қалмаңыз» бағдарламасы деп айта аламын.Ол жерде екі қыз,бір жігіт болып жүргіздік.Бағдарламаның мақсаты қара пияр болды,бұл жерде әншілердің қайсысының даусы бар жоқ екенін айтып отырдық,ол көпшіліктің сұранысы болды.Оны халықтың өзіде айтып жүреді.Осы бағдарламада көп әншінің көзіне жаман көрініп қалдық,өсекшілер деген атқада қалдық.
«Таң қалмаңыз» бағдарламасы халыққа жақты ма?
Иә,бағдарлама басталғанда бір-екі ай жақсы сынады.Біз бағдарламаны сценарийсіз жүргіздік,бір әнші туралы айтсақ оның қалай шыққанын,өнерге жақындығы барма расында,бір әні хит болса қалған әні өандай деңгейде деген сияқты.Жаман сынағандарыда болды,олар әншілер.
Сөзіңе қарасам халық жақсы қабылдады,әншілерде теріс пікір қалыптасты дедің.Сол теріс пікірі бар әншілерден қысым көрсеткені болды ма?
Иә болды,Айдын өнер жолында бірге жүрміз,бұлай жасағаның дұрыс емес қой дегендер болды,қысымда көрсетті. Бірақ бағдарламаның ғұмыры ұзақ болмады,бір жылға жуық қана болды.
Бағдарламаның жабылуына не себеп болды?
Жоғарыда айтып өткендей қысым көрсеткендер көп болды,аға буын өкілдерінен сөгіс алдық солардың ықплынан болар және қаражат мәселесіне келіп тірелді.
Бағдарлама жабылғаннан кейін не істедің?
Бағдарлама жабылғаннан кейін телеарнадан алыстап кеттім. «Русское радио» кастинг арқылы барып,қазіргі таңда осы жерде жүргізушімін.
Теледидарға шықтың,таныла бастадың сын айтады,сынға көз қарасың?
Иә,сұрақты өте орынды қойдың.Алғашқы кезде сынға ұшырағаным Айдын қыз сияқты,сызылып сөйлейді т.б сындар айтылды.Сын түзелмей,мін түзелмейді дейді сынға барынша жақсы жағынан қарадым.Жағымсыз сын айтылса өзімді тастап жіберермін деп ойлаған едім,жоқ олай болмай шықты.
Гульбаршын Думан

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close