Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Анатолий Цойдің топтан кеткеніне кім кінәлі?

MBAND құрамында ән салған әртіс продюсері Меладземен қоштасты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

2014 жылы отандасымыз Анатолий Цой «Хочу к Меладзе» шоуына қатысып, аталмыш жобада топ жарды. Осылайша өнерпаз MBAND тобының құрамына қабылданып, шығармашылығын Мәскеуде жалғастыруды ұйғарды. Ал бірнеше күн бұрын 5 жылдық тарихы бар бойз-бенд ресми түрде жұмысын тоқатты. Десе де серінің жұлдызды жолы бұнымен аяқталмай, күні кеше ресейлік Анатолий «Маска» шоуының жеңімпазы атанды

Биылғы жылы шетелді бағындырған қазақ жұлдыздарының қатары тағы да толыға түсті. Бірер ай бұрын басталған «Украина дауысы» конкурсында бақ сынаған қазақстандық Ерлан Байназаров пен Индира Еділбаева да топ жарып, ең үздік төрттік құрамына жайғасты. Деседе дауыс жинаудан басымдық танытқан Роман есімді өнерпазбас жүлдені еншілегенімен, қос қазақстандық миллиондаған жанкүйердің махаббатыбөленді,танымалдылыққа кенелді.

 «Достар, қолдауларыңызға көп рахмет. Мен бақыттан, қуаныштан, төрттік құрамынан табылғандығыма жылап та алдым», — дейді Индира Еділбаева.

Иә, өзге елді мойындатқан аға-әпкелерінің жолын кіші буын толықтыра түскендей.  Шетелдік «Голос.Дети» байқауында бақ сынап, Полина Гагаринаның шәкірті атанған Мейіржан Жидебай да дәл осы жылы танымалдылық тұғырына жайғасты. Жуырда ғана жас өрен жобадан сүрінсе де, оның жігері жаншылмақ емес.

 « Голос дети байғауы маған көптеген тәжірбие берді. Шетелден көптеген қатысушылар келіп қатысты. Әр елдің жас таланттарымен қарсылас болу бұл маған үлкен тәжірбие», — дейді Мейіржан Жидебай.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close