Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & ТеатрМузыкаСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

«Кешірім сұраймын!» Ернар Айдар абақтыға қамалды ма?

Өнер иесі төтенше жағдай режиміне қарамастан ұтыс ойынын өткізіп, әрі алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Ал карантинде түрлі сый үлестіріп, әр нәрсені жарнамалаушылар тіптен көбейді. Бүгінде Мадина Сәдуақасова, Ерке Есмахан бастаған  бір топ шоу-бизнес өкілдері миллион таратып, үйде отырған жұртты әбден әуре-сарсаңға салуда. Ал күні кеше Ернар Айдардың басы бәлеге қалды.

«Ұтыс ойнатып жатқан кезде ұстады. Мен өзімнің әрекетіме, карантин жағдайынан шығып кеткеніме кешірім сұраймын. Әрине, қауіпсіздікті сақтауым керек еді», — деді Ернар.

Ал алданған жұрттың шығыны  өтеле ме, өтелмей ме ол жағы беймәлім. Дәл қазір әншіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сиви Махмуди де ара-тұра ойын өткізетін әншілердің қатарында. Көйлектер мен бағалы көліктерді ұтысқа қоюда алдына жан салмайтын бикеш, алаяқтардың құрығына түспеудің алдын-алып,  өз атынан сый таратудың тәсілін үйреніп алғанын айтады.

«Менде өтірік жоқ қой. Оны халық та біледі. Менің ойындарым бес-ақ мың теңгеден. Қаншама сыйлықтар бар, ол өзін өтемейді де. Сосын қазір не көп, ойын көп. Халық ойлағандай билеттер көп сатылмайды. Мысалы мен 2000 теңгелік билетті әрең сатамын. Қалғанын өзім қосамын», — дейді Сиви.

Ал таяуда бағалы ішіктер мен түрлі кәделерді ұтысқа салған Шахизаданың, қатысушы халықтан көңілі қалған. Енді әнші мұндай ойындардан аулақ жүрмек.

«Ешкімге жақпайсың ғой. Билет сатып алып, жеңіліп қалған адамға да, жеңейін деп түксіз қалғандарға да, тек көлік ұтамын деп, ішік ұтып алғанға да жақпайсың. Оның кімге бұйыратынын біз де білмейміз, ұйымдастырып жатқандар да хабарсыз ғой», — дейді Шахизада.

Бүгінде тек лоторея емес, жансақ жарнаманың да кесірі халықа тиюде. Естеріңізге салсақ, өткен жылы бірқатар өнер өкілдері жарнамалаған алаяқ қаржы ұйымының кесірінен тағы да қарапайым халықтың қалтасы қағылған еді. Атышулы мекемені жаппай мақтаған жұлдыздар тек кешірім сұрап,  айыппұл төлеумен шектелгені бар.

«Блогерлер де қарапайым адам. Олар да алданып қалуы мүмкін. Өйткені жарнаманы біреуі бартермен, біреуі ағамның жұмысы деп түсіріп жатыр. Сондықтан бұл жерде бәрі әділетсіз. Алады да, бәрін блогерлерге жауып тастайды», — дейді Дана Есеева.

«Мысалы қағазымен әкеп тұрса, оның заң жүзінде бекітілгені көрінсе, кез келген адам сенеді ғой», — дейді Серік Ибрагимов.

Ал Серік Ибрагимов  еш уақытта әлеуметтік желіні табыс көзіне айналдырмағанын айтып ақталды.

«Мен жарнамаламаймын. Негізі жарнама жасамаймын»

Тек сәлден соң әнші сөзін қайтып алып, ара-тұра жарнама жасайтынын жайып салды. Анығында қаржы ұйымдарынан ұсыныс Ибрагимовке де түсетін  көрінеді. Бұл жағдай әлі күнге әншілерге таяқ боп тимесе керек. Жеңіл ақша табуға құныққан танымалдар қатары, бүгінде жаңбырдан соң қаптаған саңырауқұлақтай күн санап артуда.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close