Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Наzима бастығы Тиматимен ара-қатынасы жайлы ашып айтты

Black Star продюсерлік орталығына қабылданған отандасымыз Наzима «Карантиндегі жұлдыз» жобасында соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

2018-де отандасымыз Назима Жәнібекова Ресейдегі байқау арқылы шетелдік тыңдармандарға танылған еді. Аталған жылы өнер өкілінің Black Star продюсерлік орталығымен келісімшартқа отырғаны тағы бар. Аты шулы лейблге қабылданған ең алғашқы қазақ қызы қос тараптың арасындағы құжаттың жарамдылығы аяқталған соң, шығармашылығын жеке жалғастыруды жоспарлап жүрген секілді.

«Қалыпты өмірге қайта ораламын, ол жалғаса береді. Black Star менің күшті тірегім. Себебі мен сол арқылы бастадым және олар барлық жағынан маған көмектеседі. Ол уақытта мен толығымен қалыптасқан әртіс болып үлгеремін.  Егер одан кейін не істейсін деп сұрасаңыздар, әрине, мен ән айтуды жалғастыра беремін. Себебі, бұйыртса ол уақытта танымалдығым арта түсетіндігіне сенімдімін», — дейді НАZИМА.

Иә, ереше талантты Назима бүгінде азулы продюсерінің арқасында миллиондаған жанкүйердің сүйіктісіне айналып үлгерген. Десе деәлеуметтік желіде Қазақстаннан шыққанәншінің ашық образдарын жиі сынға алып, жағымсыз пікір жазатындар қатары да аз емес екен.

«Әрине алғашқыда тым қиын болды. Кей пікірлерді оқығанда алғашқы жылы жылап та алатынмын. Ал қазір айтарлықтай ондай реакция жоқ. Қарапайым адамдар бар, әдейі ренжіту үшін пікір жазатын адамдар бар. Бұның бәрі адамға байланысты», — дейді әнші Жәнібекова.

Еске салай кетейік, бұрын бұл бұрымдыӘсел Садуақасова продюсерлік еткен «Алтын girls» тобының құрамында ән айтқан еді. Алайда Жәнібекова тұрмысқа шыққан соң топ тарқап, қыздардың арасындағы байланыс та толығымен үзіліпті.

«Қазіргі таңда араларында Әселмен байланысып тұрамыз. Ол Мәскеуге келгенде, мен Алматыға барғанда жиі көрісіп те тұрамыз.  Ал басқа қыздармен тек хабарлама алмасамыз және Ирамен жолығып қалған болатынбыз.  «Песни» жобасының жабық кезеңінде, эфирге түсірілмеген кастинге жолығып қалдық. Екеумізде кастингке бара қатыстық. Ал қалған қыздармен уақыт жоқ болғандықтан ба, әйтеуір араласпаймыз», — дейді Назима.

Айтпақшы, соңғы уақытта Black Star солисті әріптестерімен дуэт айтуды мықтап қолға алған. Өнер өкілі жыл басында атақты әнші Валериямен шығармашылық тандем тапса, карантин біткен соң отандастары 91 тобымен жаңа фит шығармақ.

«Біз жоспарлап жатырмыз. Біз жазбаны студияда бастап та қойған болатынбыз. Ол өте әдемі әрі ырғақты әуен. Карантин аяқталса, бұйыртса осы жылы әнді жазып бітіреміз. Мен біздің әртістерге ешқашан қорықпаңдар деп айтқым келеді, топ жарыңыз. Егер сіз талантты болсаңыз сізді міндетті түрде естиді. Тек өз-өзіңізге сеніп, баастысы жалқаулыққа салынбаңыз», — дейді әнші Жәнібекова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close