Басты жаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

«Жазалау керек!» Бейбіт Көшқалиев жарнама жасайтын әріптестеріне шүйлікті

Отандық жұлдыздар әлеуметтік желіде нені жарнамалап жүр? Бейбіт Көшқалеив тыңдарманын тұтынушыға айналдырған әріптестеріне қандай шара қолдану қажеттілігін айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Иә, әдетте той-томалақ пен концерттердің, түрлі бас қосулардың бел ортасында жүретін шоу-бизнес өкілдері, карантинге орай өздеріне деген сұраныстан айрылды. Бір ай бұрын елде жарияланған төтенше жағдайдың қашан аяқталатыны да беймәлім. Негізгі нәпақасы көзден бұлбұл ұшқан отандық әншілерге енді әлеуметтік желіде жарнама жасауға тыйым салынуы мүмкін. Қосымша табысынан да қағылатынын естіген бірқатар өнер иелері дабыл қағуда.

«Instagram-ның арқасында, жарнаманың арқасында өмір сүріп жатқан қаншама блогерлер бар. Қаншама қарапайым адамдар, аналар бар. Сондықтан да жарнамаға тыйым салуға, мен жеке басым келіспеймін. Бұл дұрыс емес», — дейді Бүркіт.

Танымалдылығын саудаға салатындардың қатарында Сейфуллин Жолбарыс та бар. Әнші көбінесе өзіне қажетті өнімдерді жарнамалайтынын айтады.

«Мен мысалға тамағының тәттілігі жайлы кафе-мейрамханалаға,  киім, әтір сияқты қарапайым заттарға жарнама жасаймын», — дейді әнші.

Алайда өнер иесі жарнамасы үшін көк қағаз сұрамайды. Тек бартермен сөз байласқанды жөн көреді екен.

«Мысалы Шымкентте бір дүкенді жарнамаладым. Өзімнің туған қалам ғой. Олар маған бір былғары күрте кигізді. Содан кейін мейрамханаларда танымаса да келеді. «Қайырлы кеш! Сіз біздің мейрамханаға келіп қалыпсыз, тағам біздің мекеменің атынан сізге сый» деп айтады. Мен бір өзім емес, бес-алты адаммен барамын. Сондай сый жасайтын мейрамханаларды, біз де жарнамалаймыз. Қалай да, сыйлағанның құлы бол ғой», — дейді Сейфуллин.

Ал Бейбіт Көшқалиев халыққа тиетін кесіріне бас қатырмай,  тек табыс көзін ойлап, алаяқ компаниялардың қолшоқпарына айналған жандарды қатаң жазалау қажет деп санайды.

«Берекетсіз жарнамаларды тыю керек, тоқтату керек. Қазір әртіс болсын, кім болсын бәрі айналысып кетті ғой. Табыс табудың оңай жолы сияқты. Сол үшін биші болсын, әнші болсын қою керек. Халықтың басын қатырып, мардымсыз іспен шұғылданудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер оған бағынбай жатса, айыппұлмен немесе тағы басқа жолмен міндетті түрде жазалау керек», — дейді Бейбіт Көшқалиев.

Бір қызығы, болашақта той-жиынға да, жарнамаға да тыйым салынса, өнер өкілдеріне қайтпек керек?! Келешек көрсетеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close