МузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

Атышулы Жолдыбаевалар отбасылық ансамбль құрды

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында жанұялық топ құру трендке айналды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Апалы-сіңілі Кәмшат пен Алтынай әлеуметтік желідегі жұртты тағы да таң қалдырды. Әдетте ашық образымен көпшіліктің кереғар пікіріне ілінетін қос бикеш, бұл жолы отбасылық ансамбльмен ән шырқады.

«Қымбатты ағайын! Біз туған жеріміз Маңғыстау  облысы, Форт-Шевченко қаласындағы ата-анамызға, ағайын-туыстарымызға, ұстаздарымыз бен бірге ойнап өскен достарымызға, кең байтақ жусанды даламызға, қарт Каспийге сағынышымызды жеткізгіміз келді», — дейді Кәмшат.

Бұл ұжымда Алтынай солист, Кәмшат күйсандықта, інісі гитара аспабында ойнаған. Алыстағы ағайынға ән арнаған сылқымдардың бұл әрекеті халықтың сүйіспеншілгін оятқаны анық. Сондай-ақ, желідегілер  кезіндегі «Жолдыбаевтар ансамблінің» қайта жанданғанына да алғыс айтуды ұмытпады.

«Бүкіл әлем мен біздің еліміздің басына түсіп жатқан қиын күндер, қашықтағы қымбат адамдарға деген жүрегіміздегі сағынышты арттыруда. Біз ойымызбен, жүрегімізбен әрдайым біргеміз. Және де он, жиырма, жүз күн өтсін амандықпен әрқашан кездесейік», — деді Жолдыбаевалар.

Карантин кезінде Қайрат Нұртастың шаңырағындағылар да шығармашылықты естен шығарған емес. Әйгілі «Ламбадаға» флешмоб ұйымдастырған жұлдызды жанұя, аталған әннің ырғағымен үй жағдайында ерекше би қойылымын көрсеткен.

«Ассалаумағалейкум қазақ елі, бауырлар! Әлем күресіп жатқан пандемияны еліміз амандықта еңсересе екен дейміз. Біз қазір отбасымызбен үйдеміз. Барлық сақтық шараларын жасап жатырмыз. Біз отанымыз үшін болашақ ұрпағымыз үшін үйдеміз. Біз біргеміз! Аман болайық!», — деді Қайрат Нұртас.

Әлемді жайлаған аты жаман індеттің кесірінен үйде отырған Болмановтар да отбасылық ансамбль құрып, көптің құрметіне бөленді. Төрт ұлы  мен кестігерінен құрылған шағын шығармашылық топ, желідегілерге «Жақсы адамдарым» атты әнді тарту еткен. Сондай-ақ, түрлі аспаптың сүйемелдеуімен шырқалған туындыны жұлдызды жұп, ешбір дайындықсыз, бір дубльмен жазғандарын да жасырмады.

Әдетте вайнда тек өздері төбе көрсететін Мейіржан мен Дана, балаларын да шығармашылыққа баулуға бел буған сыңайлы. Күні кеше  карантиндегі нәзік жандылардың асханадағы күйбең тірлігін суреттеген қысқа қойылымға танымал отбасының ұл-қыздары да ат салысты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close