Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаСараптамаларШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Аша Матайдың ағасы Жарқынайды қалай еркелетінін айтты

Ғашықтар күнінде отандық шоу-бизнес өкілдері махаббат хикаясын баяндап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Иә, бүгін ғашықтар күні. Отандық шоу-бизнес өкілдері де сәуірдің он бесінде сүйіктілеріне сезімін жеткізіп, жылы сөзін арнауды әдетке айналдырған.

«Менің жаным, сүйіктім. Сені өте қатты жақсы көремін» — деп Луинаның жары сезімін білдірді.

АЛ Луина: «Махаббатым, сүйіктім, өмірімдегі жалғыз азаматым, тағдырым», — деді.

Айта кетейік, қос ғашық былтыр Алматының төрінде ет жақындарын жинап, дүркірете той өткізген болатын. Ал көп ұзамай көпшілік ұлы махаббатың куәсі болмақ. Таяуда Луина тұңғыш рет ана бақытына бөленетінін әлеуметтік желіде жариялап, жұрттан сүйінші сұраған еді.

Айдар мен Жарқынайдың махаббаты «Рауза» фильмінде баянсыз аяқталғанымен, бүгінде қос өнер иесі бақытты жұптардың қатарында. Естеріңізде болса, жылдың басында Ашаның ағасы сүйіктісіне жүзігін салып, жүрегін ұсынған болатын.

«Айдар ер адамға тән мінезімен, керемет тәрбиесімен баурап алды. Сосын өзінің батыл қадамдарымен, «сен менікісін, болды» деген сөздерімен сүйікті етті», — дейді Жарқынай.

Киноалаңда Жарқынайдың өнеріне де, өзіне де ессіз ғашық болған  Айдар, бүгінде атына болмысы сай жұбайына бар жылы сөзін арнап жүр.

«Жарқынайды мен кішкентайым, балапаным деп, ал ол мені тек Айдарым деп еркелетеді», — дейді  Айдар Асқарбек.

Шоу-бизнесте талай жыл сүрбойдақтар тізімінен түспей келген Тәуекел де былтыр өмірлік жары Махаббаты жолықтырған. Тағдыр қос ғащықты түсірілімдердің біріне тоғыстырды.

«Бір көргеннен ұнаттым. Әрі қарай таныса келе, сөйлесе келе үлкен сезімге айналды. Адамгершілігі, тәрбиесі ұнайды. Жүрегі кең. Адамдарды жақсы көреді. Әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Осы қасиеттерімен қатты ұнады. Екеуміздің өмірге деген көзқарасымыз да ұқсайды», — дейді Тәуекел Мүсілім.

Ал Ескендір аға мен Дарико апай нағыз махаббатың үлгісі. Алғаш рет Қарағандыда өткен концерттің бірінде кезігіп, араларында сезім ұшқыны пайда болған жұптың бір-бірімен қосылуы да киноға бергісіз хикая. Себебі әлгі таныстықтан соң Дарико апай Мәскеуге оқуға аттанып, хабар-ошарсыз кеткен көрінеді. Тек арада біраз уақыт өткенде өмірлік серігінің Алматыда, әрі ауруханада жұмысқа орналасқанын естіген Ескендір аға, алып-ұшып барғанын айтады.

«Сіздерде Мәскеуден келген Дарико деген дәрігер бар ма дедім. Бар.  Жұмысқа жақында алдық, — деді. Сонымен көріссем бола ма? Сол ма, ол емес пе?  Қарағандыда танысып едім, бар жұмысым осы дедім. Аурухана басшысы жымиып шақырта қойды. Мен күтіп, қобалжып отырмын. Бір уақытта келді, ақ халат, басында қалпақ, бетпердесі бар. Амандасқан соң, «ұят болмаса бетпердеңізді аласыз ба» дедім. Шешті. Тап өзі. Қолынан шап беріп ұстап алдым, сол кеткеннен мол кеттік. Сөйтіп қосылып тыңдық», — дейді халық әртісі.

Содан бері  жарты ғасырға  жуықтаса да жұптары жазылмаған Хасанғалиевтер берік жанұяның құпиясымен бөлісті.

«Махаббат деген өз алдына. Ең бастысы төзімділік, шыдамдылық, бірін-бірі құрметтеу қажет. Оның үстіне кішкентай балалар дүниеге келсе, одан сайын сыйласады. Бала деген дәнекер сияқты. Қалай ойлайсың, Дәке? Мен де солай ойлаймын. Екеуі бір-бірін сүйіп қосылса, махаббаты мәңгілік болу керек», — деді Хасанғалиевтер.

Осы уақыт аралығында қанша кесе сылдырласа да, сезімге сызат түсірмеген жандар, бүгінде ақ сақалды ата мен ақ жаулықты анаға айналған. Үш перзенттен алты немере, бір шөбере сүйіп отырған жайы бар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close