Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші

Әнші Малика Yes жанкүйерлеріне ерекше физикалық жаттығу жасауды үйретті

Бұл нағыз карантин! «Bridge TV Qazaqstan» музыкалық арнасының челленджін q-pop өкілі қабыл алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Таяуда  «Bridge TV» музыкалық арнасы көрермендеріне «көпір» эстафетасын жариялаған болатын. Бұл бастаманы q-pop өкілі Малика Yes қолдап,  «мостикте» мүлтіксіз тұрудың тәсілі мен аталмыш жаттығудың тиімді тұсын тарқатып берді.

 «Мен мостикке тұруды бала кезімде үйрендім. Омыртқамыз денеміздің негізгі тірегі болғандықтан бұл жаттығу арқамызға өте пайдалы әрі икемділікті арттырады. Маған «Bridge TV Qazaqstan» жолдаған челлендж осындай аккробатикалық жаттығу ұсынуымен, өзіндік ерекшелігімен ұнады. Мұндай эстафетаға қатысу — расымен қызық болды», — дейді Малика.

Аталмыш челлендждің бір ғана шарты бар. Икемді денеңіздің көмегімен 5-10 секундтай көпір жасап,  яғни көпшілікке таныс «мостик» физикалық жаттығуын көрсетуіңіз қажет және арнаның инстаграмдағы парақшасын белгілеп, эстафетаны жақындарыңызға жолдасаңыз болғаны. Малика дәл қазіргі сәтті, денені шынықтыруға таптырмас мүмкіндік деп отыр.

«Карантинде бұрынғы дене бітімімді жоғалтып алмас үшін аптасына 3-4 рет спортпен айналысуға тырасамын. Және кейде  кардиожаттығулар, йога, пилатеспен алмастырамын. Арасында билеймін. Осының бәрі үй жағдайында дене сымбатын сақтауға септігін тигізеді», — дейді әнші.

Бұрымды дене сымбатын сақтау үшін елдегі келеңсіз жағдай кедергі келтірмейтінін айтады. Бастысы ынта мен жігер болса жеткілікті.  Ендеше карантиндегі халықтың уақытты тиімді өткізуіне түрткі болған тың челленджді барлық қазақстандықтарға жолдаймыз!

«Bridge TV Qazaqstan»  ұжымына осындай пайдалы челлендж ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін және барлығыңызға дене мен арқамыздың икемділігін жақсартатын жаттығулар жиынтығын қайталап жасауға кеңес беремін», — деді ару.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close