Басты жаңалықтарЖаһан жұлдыздарыМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші

Ержан Максимнің «Голос.Дети» жобасындағы жетістігін Миржан Жидебай қайталамақ

Қазақстандық жас талант Миржан Жидебай Ресейдегі «Голос.Дети» жобасының келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Былтыр шетелдік ән доданың сахнасында Ержан Максим ерекше өнер көрсетіп, Қазақстанның атын жер жаһанға мәшһүр еткен еді.  Биыл тағы бір отандасымыз Ресейдегі «Голос.Дети» байқауында бақ сынады. Бұл Миржанның шетелдік конкурстағы тұңғыш қадамы.

«Ержан Максим бауырыммен жақын доспыз. Тек екеуміз емес, отбасымызбен жақсы араласамыз. Мәскеуге барғанда да оның жанұясы мені жылы қарсы алғаны бар, сол үшін өте қуаныштымын. «Голос.Дети» байқауында өзінің бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті»,  — дейді Миржан.

Тәлімгерлерді ерекше тембрімен тәнті еткен талант, күні кеше ақтық сынға жолдама алды.

«Дәл осы жобада менімен бірге әрі қарай өнер көрсететін Миржан!», — деді Полина Гагарина.

«Финалға дейінгі дода өте керемет өтті. Қарсыластарым да мықты болды. Және де сіздердің үміттеріңізді ақтап ақтық сынға өткеніме қуаныштымын», — деді ресейлік жобаға қатысушы отандасымыз.

Миржан Жидебай Ақтөбе өңірінің тумасы. Жастайынан бойына өнер дарыған өрен, бұған дейін  елдегі талай ән тартыстарда көзге түсіп, жүлделі орынды еншілеген. Он төрт жасар дарын иесі, оқуын да ойынан шығармаған, бүгінде онлайн сабақ алып жүрген жайы бар.  Сондай-ақ  тәлімгері Полина Гагаринамен алдағы тартысты бәсекеге білек сыбана кірісіпті.

«Финалда орындайтын туындыны таңдадық. Бірақ жоба шарты бойынша қандай ән айтатынымды айтуға болмайды. Бірақ халықтың жүрегінен ерекше орын тапқан әуен деп ойлаймын.  Ең бастысы мен сіздерді таң қалдыратын боламын», — деді жас өрен.

Айта кетейік, ақтық сынның алғашқы концерті 24 сәуір күні өтеді. Бұл байқауда қазақстандықтар дауыс бере алмайды. Десе де, Жидебай жерлестерінің сырттай жанкүйерлік танытып, қолдау білдіретініне сенімді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close