InstaNewsМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілісі Алтынайдың сүйіктісі кім?

Кіші Жолдыбаева таяуда ақ келін аттануы бек мүмкін. Күні кеше Алтынай әлеуметтік желідегі жұртқа алғаш рет сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Алайда әншіге оқырмандарыңың бірқатары бақыт тілеп, жүрек жарды сөздерін арнаса, екінші тарап арудың таңдаған азаматына шүйлігіп, кереғар пікірлерін жаудырған.

«Саған қазақтың қара баласы бұйырмады ма?», «Апама жездем сай», — деп жазды желідегілер.

«Мұндай адамдарға сабырмен қараймын. Кереғар пікір жазушылар болу керек. Мен үшін олардың не жазғаны емес, бастысы сен қалай қабылдайсың, сол маңызды. Сондықтан көп  нәрселерге мән бермеуге тырысамын», — деді Алтынай Жолдыбаева.

Анығында бикештің жүрегін жаулаған жігіттің  ұлты қазақ, есімі Мәрлен. Өнерден құр алақан емес көрінеді. Қос ғашықтың таныстығына да біршама уақыт болған.

«Жеке өмірімді ашып айтқым келмейді. Бірақ нағыз жанкүйерлерім бәрін біледі. Олар жан-жақтан іздеп, тауып қойған. Кей кезде хал-жағдайымызды сұрап тұрады», — дейді әнші.

Енді Алтынайдың  жігіті жүзігін салып, жүрегін ұсынса болғаны.  Шоу-бизнес өкілдері тағы бір сылқымды құтты орнына қондыруға әзір.

«Иә, менің ойымша ол күнге де жетерміз», — деді Жолдыбаева.

Тойдың ауылы алыс еместігін астыртын жеткізген Алтынай,  келіндік өмірге де тас-түйін дайын екендігін айтты. Әлеуметтік желіде ашық образымен әрі ерке қылығымен әбден әбігерге салатын Жолдыбаеваның, анығында қолынан келмейтіні жоқ екен.

«Мен тек әдемі емеспін,  ақыл, ой-өрісім де Құдайға шүкір орнында. Үйдің  шаруаларына өте пысықпын. Тамақты да жақсы дайындаймын. Сондықтан менің қолымнан бәрі келеді деп ойлаймын», — дейді бикеш.

Жүрегінің жартысын жолықтырған Жолдыбаева, карантин уақытын да ұтымды пайдалануда. Салауатты өмір салтын қатаң ұстанумен қатар, ара-тұра tiktok түсіріп жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close