Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыка

Ninety One жігіттері шоу-бизнестегі басты бәсекелестерінің есімдерін атады

Тыңдармандарымен ғаламтор арқылы қауышқан 91тобы тікелей эфирде жанкүйерлерін мазалаған басты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Карантинге қамалғандар көшеге шығатын күндерін асыға күтсе, ал 91 тобында жағдай мүлде басқа. Q-Pop жанрының негізін қалаушылар үшін бұл уақыт – ешқандай келеңсіздік кезі емес. Себебі, бестіктегі жігіттер тазарған табиғатқа дән риза.

“Жалпы мен қуаныштымын. Өйткені біздің әлем, Жер осының арқасында терең дем алып жатыр. Көптеген адамдар үйде отыр. Көліктер мен басқа нәрселердің бәрі ауаны ластауын тоқтатты.Тек сақтық керек, абай болыңыздар, сол”, — дейді Bala.

Шығармашылықты кейінге шегерген бойдақтардың қолы қалт етсе компьютердің алдына жайғасады екен.

“Біздікін айтатын болсақ үйде фильм немесе сериал, не істейміз басқа әңгіме дүкен құрамыз. Сол. Бұрынғы ойнамаған, бес жыл бойы ойнамаған ойындарды қайта ойнап жүрміз. Ой керемет ойындар ғой. Батыр екеуміз кезінде бір ойын ойнаппыз, ойында кездесіппіз. Ол бірақ менің есімде жоқ десең иә? Түрін танымай қалып тұрмын ғой. Ойнап атамын, онда біздің түр болған жоқ, тек ойынның түрі ғой”, — дейді Zaq.

Екі апта бойы сахнаға шықпаған бестік карантин күндері микрофоннан жатырқап қалған секілді. Тікелей эфирде концерт өткізген Найнти уан бойз бенді бұл жолы ән сөзінен жаңылысып жатты.

“Мен жаңа бар ғой, айтып жатқанда «енді тарамаймын терезеден» деп айтып жібердім. Оны естідім мен. Әдейі айтқан болып тұрсын ғой. Осы бір жолды өзгертіп алды ғой «қ» мен «т»-ны. Бұл жерде бір әріп бәрін шешіп тұр ғой. Құрметті көрермендер, бұл жерде бір жолды Зәке вирустың атынан айтты деп есептесеңіздер болады. Себебі үйде отырсаң вирус терезеден тарамайды ғой, — дейді ZaQ.

Иә, өнерпаздар қателікті осылайша астарлы қалжыңмен әдемілеп жапты. Десе де, бұл ұжымтоп репертуарындағы ән мәтінін ұмытса да, әріптестерінің шығармашылығын әрдайым бақылап отырады .

“Маған Қазақстаннан негізінен альтернативті музыка ұнайды.Қазақ тілінде айтатын  әр түрлі керемет орындаушылар бар. Qoniratbay Fam, Darkhan Juzz, Soulbirkez сияқты. Тағы қандай адамдар бар? Айтпаймын, бір-екі бала бар, оларды айтуға болмайды енді”, — дейді ZaQ.

Жанкүйерлерімен онлайн түрде жүздескен жігіттердің иглздарға әзірлеген тосын тартуы көп көрінеді.

“Алдағы уақытта көптеген тосын сый болады бәріміз айтып кеткендей. Сол үшін 91 тобынан біраз нәрсе күтіңіздер. Ал біз айтпаймыз қандай зат екенін, өз өздеріңізге қарап жүріңіздер. Интернеттен бізге қарап жүріңіздер. Қолдарыңызды жуып жүріңіздер. Ақылды болыңыздар, үйде болыңыздар, — дейді ZaQ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close