Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

«Орда» тобына 20 жыл! Дастан Оразбеков ұжымның құпиясын жайып салды

Отандық шоу-бизнеске дүмпу әкелген топтың мерейтойға әзірлігі қалай? Ерекше стильмен елді елең еткізген ұжымның белді мүшесі Дастан Оразбеков тұңғыш рет топтың құпиясын ашты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

2000 жылдары ағайынды Беделхандар мен Оразбековтарден құрылған boysbandті халық алғаш рет «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ сахнасынан көрген еді. Осы уақыт аралығында ұжымдағы өзгерістерге қарамай, жігіттер бірталай хиттер мен концерттер ұсынып, тыңдарманын тәнті етіп келеді. Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелген топқа биыл жиырма жыл толыпты. Ал 1 сәуір – Орданың туған күні.

 «Орда» тобының әр мүшесі қазіргі күнге дейін біргеміз. Осымен жиырма жыл өтті. Біз ақ ниетімізбен көптеген әндер жаздық. Халықққа ұнаған шығар. Өзім жүректеріне жеткен пайдалы әндер болды деп үміттенемін», — дейді Есболат Беделхан.

Бұл топтың бір ерекшелігі – ұжымда тек бірге туған бауырлардың өнер көрсетуі еді. Тіпті кезінде boysbandке алтыншы жігіт ретінде шақырылған әнші Марсель, талапқа сай келмегендіктен қабылданбаған көрінеді.

«Негізі «Орда» тобына алтыншы жігіт алуға ұсыныс болған. Біз басында бес адам едік. Жанболат, Ерболат, Есболат және Рүстем екеуміз ағайындылар. Біз інісі немесе ағасы жоқ адамды алғымыз келмеді (күліп)», — дейді Дастан Оразбеков.

Ал он жыл бұрын түрлі себеппен топтан жырақтаған Жанболат Беделхан мен Рүстем Оразбеков бүгінде өнерден мүлдем қол үзген. Экс-әншілер қазір жеке кәсіппен айналысуда.

«Осы 20 жыл бойы бізбен бірге келе жатқан, әндерімізді сүйіп, тыңдап, бізді қолдап келген жанкүйерлеріміз бар. Сол тыңдармандарымызға үлкен-үлкен алғыс айтамын», — деді Есболат.

Орданың төрттігі қазіргі таңда топтан бөлек әр салада еңбек етіп жүр. Мәселен, Дастан Оразбеков жеке шығармашылығына ден қойса, Нұрлан Алымбетов Бішкекте бизнесін дөңгелетіп жүр. Ал Ерболат Беделхан шоу-бизнестің көшіне 91 тобын қосқан табысты продюсер. Сондай-ақ таяуда музыкалық қосымшаның тұсауын кескен өнер иесі, q-popқа барынша үлес қосып жүр.

«Біздегі q-pop әлемінде жүріп жатқан жаңалықтарды БАҚ болсын, тұтыншулар  болсын ресми түрде ала алмайды. Жазыңыздар, әрине біз пікірлерге байланысты ыңғайлы қыламыз. Қазақша оқығыңыз келсе, қазақша болады, кімде кімге орысша ыңғайлы болса орысша тілінде шығарамыз», — дейді Ерболат Беделхан.

Есболат Беделхан да осыдан төрт жыл бұрын Black Dial тобын құрып, продюсерлікке бет бұрған. Бүгінде өнер иесі карантинді құр өткізбей, киноөндіріске  қадам басуға қамданып жүрген көрінеді.

«Музыка саласынан өзге жақсы көретін ісім бар. Ол – кино. Киноны зерттеп, сценарий жазуды және фильм түсіруді зерттеп, оқып жүрмін. Бізге берілген уақытты пайдаланып және осы бүгінгі қоғамдағы мәселе туралы жаңа ойлар келіп, қазір жаңадан оқиғалар жазып жатырмын», — дейді Есболат.

Иә, көп ұзамай Есболат мырза карантин жайлы картина таспаласа таң қалмаңыз! Шынтуайтында «Орда» ұжымы бұл сәтті барынша оңтайлы пайдалануда. Елдегі дүрбелең аяқталған бойда топ мүшелері тыңдармандарына тосынсый тарту етпек.

«Осы карантин кезінде біз жұмысымызды тоқтатпай, жалғастырамыз. Болашақта жазатын әндерімізді дайындап, жеке-жеке өзіміздің партияларымызды жаттаудамыз. Біздің алдағы мақсатымыз — жаңадан туындылар тарту ету, тың бейнебаяндар түсіру. Алдағы уақытта жанкүйерімізді бір тосынсый күтіп тұрған сияқты», — деді «Орда» тобының әншісі.  

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close