Басты жаңалықтарМузыкаРепортаждарӘнші

Нұржан Керменбаев қызына ерекше есім берді

Жақында ғана үшінші рет әке атанған Qara Bala көременімен онлайн қауышты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Тікелей эфирде тегін кеш өткізу кезегі – Керменбаевта! Көрерменнің көңілін көтеруге барынша тырысып баққан қара бала, бұл жолы жанкүйерлеріне жанұясындағы жағымды жаңалығын да жеткізді.

“Мен ең бірінші қуанышыммен бөліскім келіп отыр. Қуанышым: обасымыз жаңа адаммен толықты. Мен қызды болдым. Мен үшін өте қуанышты жағдай. Иә, екі ұлым бар еді, енді қызды болдым. «Қызың болған бөлек, енді өзіңді әке сезінесің» — деп жатыр жақындарым. Есімі –Тасним, әжесі қойды. Бойы – 50 сантиметрден, салмағы 3 киллограмнан асып туылды”, — әнші Керменбаев.

Үш бүлдіршіннің әкесі атанған өнерпаз үшін карантин кәдеге жараған секілді. Отбасына көптен көңіл бөлуді ұмытқан Керменбаев, бүгінде бар уақытын балаларына арнауда.

“Мен негізі балаларыммен ойнамайды екенмін, сол дүниені түсініп жатырмын қазір. Соңғы күндері балаларыммен ойнаймын, олар да мәз. Олар да балабақшаға бармағанына кішкене өкінеді, достарын сағынады. Бірақ уақыт өте келе барады деген ойдамыз, сенімдеміз. Соны түсіндіріп бағудамыз бала-шағамызға”, Нұржан Керменбаев.

Той – томалаққа тыйым салынған сәтэстрада өкілдеріне оңайға соқпауда. Қаламақысын көңілді кештерден табатын Керменбаев та карантиннің тоқтап,  жұмыстың қызатын сәтін тағатсыздана күтіп жүрген көрінеді.

“Жалпы тек елде емес,күллі әлемде болып жатқан жағдайлардың бәрі сейіліп, басылып, барлығымыздың көретініміз қуанышты күндер болсын.  Тойға барайық. Тойларымыз тоқтап қалды — десең, иә. Негізі расымен де ғой. Біздің табыс көзіміз ешкімге жасырын емес. Той, концерттер барлығы тоқтады. Тек біздің мамандығымыз емес, өнер адамдарында емес, көптеген адамдарда жұмыстар тоқтап жатыр”,- дейді Qara Bala

Тыңдарманының денсаулығына алаңдаған Нұржан вирустан қорғанудың өзіндік тәсілімен де бөлісті. Әншінің кеңесіне құлақ асып, қауіпті дерт қаумалаған күндері қорғанып жүргеніңіз абзал.

Мен жақында инстаграмм желісіне салған да болатынмын. Үйде отырып, анамыз осылай сорпа дайындап береді. Сарымсақ, жуа қосады, ащы бұрыщ қосады. Осындай кезде жаман адам жегенін айтады дейді, сынамаңыздар. Бірақ дегенмен бөлісіп жатқан түрім ғой енді”,— әнші Керменбаев.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close