InstaNewsБасты жаңалықтарСараптамаларШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Режиссер Нұртас Адамбай президентке челлендж жолдады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі бастаған челлендж мәдениттегілерге жетті. Отандық шоу-бизнес өкілдері коронавируспен күресудің тәсілдерін көрсетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жер шарын жайлаған қауіпті індеттен құтылудың тағы бір жолы  — қолды мұқият жуу. Дәл осылай жарияға жар салған дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедростың «қауіпсіз қолдар» атты челленджі Қазақстанға да жетті. Эстафетаны қабылдаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, енді бұл бастаманы отандық шоу-бизнес өкілдеріне жолдауда.

«Баршаңызға сәлем! Елімізде таралып жатқан коронавирус барлығымызды алаңдатпай қоймағаны анық. Ендеше бұл індеттің алдын алу үшін тазалыққа мән беруіміз қажет. Мен сіздерге қолды қалай дұрыс жуу керектігін көрсететін боламын.  Қолымызды кем дегенде 20 секунд жууымыз керек», — дейді KeshYou тобының әншісі Ләззат.

«Достар, мен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың эстафестасын қабыл алдым. Қолды тек карантин кезінде емес, күнделікті қалай дұрыс жуу керектігін айтайын. Ол үшін су мен сабын қажет. Алақанымызды жақсылап тазалаймыз және суды үнемдеуді ұмытпаймыз», — деді  Нұртас Адамбай.

Бір жарым минут бойы қол жуудың тамаша тәсілін ұсынған Нұртас Адамбай, аталмыш челленджді алдымен президентке жолдауды жөн санапты. Және әріптесі Тимур Бекмамбетов пен құрдастарын да қалдырмаған. Режиссер кешеден бері короновирустың кесірінен карантинде отырған жұртқа барынша демеу білдіріп, белсенділік танытуда.

Актер Жахан Отарғалиев та, қазақстандықтарды қолды жиі жууға  шақырды. Әзілкеш он саусақты 20 секунд бойы сабындаумен қатар, әр адаммен амандасқан сайын тазалау керектігін астарлы әзілмен жеткізді.

 

Аталмыш ауқымды шараға бүгінде қарапайым халық та, аты әлемге мәшһүр жұлдыздар да жаппай қолдау көрсетуде.  Мәселен. әнші Селена Гомез саусақтарының арасын салалап, қолды тиянақты жуудың сан түрін көрсетті.

 

Әлемнің түкпір-түкпіріне таралған челленджге үндістандық актриса Приянка Чопра да бей-жай қарамапты. Доктор Тедростың тамаша бастамасын қабыл алған өнер иесі, қолды жай жумай, әндетіп тұрып тазалауды ұсынды.

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close