Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамаларШоу бизнесӘнші

«Коронавирус, кет, кет, кет!» Марат Омаровтың індет жайлы әні хайп қадам ба?

Әлемді жайлаған эпидемияны әнге қосқан Марат Омаров, желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Иә, композитор Марат Омаровтың коронавирус жайлы туындысы әлеуметтік желіде лезде тарап үлгерген еді. Елде орын алған келеңсіз жағдайда көптің езуіне еріксіз күлкі үйірген аталмыш әнді, өнер иесі Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде тамақтанып отырып шығарған көрінеді. Сөзі де сол сәтте құрыла кеткен.

«Сол мекемеде ақ рояль бар. Өзімді баяғы Том Джонс сияқты сезініп, ара-тұра шабыттанып, ойнап жүретінмін. Бір мезетте қарасақ, балалардың бәрі бетперде киіп шығып келе жатыр. Сосын мен рояльға отырғанда, сондай идея келді. Коронавирусты жоқ қылатын не бар? Осы әнімізбен кішкене болса да халықтың көңілін көтерейік, сабырлыққа шақырайық деген ойдан  туындаған ән. Қазақта баяғыда аластату деген ырым болған», — дейді Марат Омаров.

Бір түн ішінде қазнетте қызу талқыға түскен туынды, бүгінде отандық жас өнерпаздар арасында да челленджке ұласып үлгерген.

«Бұл әнді өзім шығардым. Шәкіртім қасымда тұрып қостады. Бір жағынан орысша «коронавирус нет, нет, нет». Екіншіден қазақша «кет, кет, кет» деп келтірдік. Бір шетінен көңілдірек шығарғаным, уайым-қайғы болмасын, санаға жаман ой салмасын, өмір позитивке толы екенін түсіндіру болды», — дейді композитор.

Әлемді жайлаған індет туралы әннің қазіргі таңда шекарасы да кеңейген.  Сазгердің бастамасын Мәскеу жастары жалғап, Франция, Германия, Америка, Қытай азаматтарының орындауында да түрлі нұсқалар толассыз түсіп жатқан көрінеді.

«Қайырмасын айтып, челлендж жасауға рұқсат бердік. Мен бүкіл әлемдік композиторлар ассосациясының мүшесі болғандықтан, ой, сіздің әніңіз бұл жақта да «коронавирус гоу, гоу гоу, коронавирус ноу, ноу, ноу деп ағылшынша шырқалып жатыр деп шетелдегі әріптестерім хабарласуда», — дейді әнші.

Аз ғана уақыт ішінде әлем жұртшылығының жүрегіне жеткен позитивке толы туындыға болашақта бейнебаян таспалануы да мүмкін.

«Әріптестерім бейнетаспаға түсіріп, барлық тілде жіберсеңіз деп ұсыныс жасап жатыр. Қазір екі шумағы дайын. Үшінші шумағын әзірлеп, ағылшын, француз және басқа да тілдерге қалай жазамыз, соны ойластырудамыз», — дейді сазгер.

Ал Омаровтың кіші қызы әкесінің бұл туындысын жеңіл әнге жатқызып,   сыни көзқарас танытыпты.

«Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер және бүкіләлемдік композиторлар ассосациясының мүшесісіз. Мынадай төрт аккордтан тұратын әнді қалай шығардыңыз? Не қыласыз? Халық не айтады», — дейді қызым.

Ал шоу-бизнестің қыр-сырынан хабардар сазгердің тұңғышы Зарина Омарова әкесінің тың туындысын хайп қадамға балаған.

«Зарина әлеуметтік желіде папа хайпует дей ме, бірдеңе жазып жатыр» (күледі).

Бүгінде Covid 19-бен күресуде әр ел қолынан келгенше әрекет етуде. Мәселен композиторға Америкадан ерекше ұсыныс түсіпті. Кәрі құрлық қалталылары қайырымдылық іс-шара өткізіп, коронавирус әнімен тұрғындарға демеу беруге шақырған.

«Айтатын әсем әндерім, қорыққанға дем берсін, аты жаман бұл вирус, қазағыма келмесін! Бұдан да әрі қарай жақсылықтың куәсі болып, коронавирустан құтылдық деп әдемі әндер келе жатар», — дейді Марат Омаров.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close