InstaNewsБасты жаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

Танымалдар табыссыз қалды

Әлемді жайлаған індет - кесірін Қазақстанға да тигізді. Еліміздегі той-томалақтар тоқтап, концерттер кейінге шегерілді. Ал, бұл мәселеге шоу-бизнес өкілдері түрлі көзқарас танытуда. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Бірі сақтық шараларын жіті қадағалап, бетпердемен селфилетсе, ал келесісі, оқырмандарының көңіл-күйін көтеру мақсатында әлемдік пандемияны қалжыңға айналдыруда. Мысалы, Алагөзованың қызы Айсауле қолды жиі жууды насихаттаса, вирус жұқтырудан қорыққан «қап-қарашка» қолды қойып, аяқпен амандасуға көшіпті. Ал, отандық эстраданың өзге өкілдері халықты сабырға шақырып әлек…

Ұзақ уақыт жұрт назарынан жырақта жүрген Жанар Дуғалованың да желіде белсенділігі байқалады. Әнші соңғы постында аталған дерттен қорғанудың ең тиімді әдісімен бөлісті.

Ал, Бүркіт пен Аиша үшін әлемді дүр сілкіндірген індет ешқандай тосқауыл емес. Бүгінде жұлдызды жұптың жұмыс кестесі әлі де жалғасуда.

Жақында ғана сүрбойдақтардың санын азайтып, қолына ақ құсын қондырған актер Олжас Әлжанов, жас шаңырақтың келешегіне алаңдаулы.

Ал, актриса Анар Батырхан еліміздегі төтенше жағдайды тиімді жағынан пайдалануда. Бос уақытын отбасына арнаған бұрымды инстаграмда ерекше челлендж бастапты .

Үзіліс кезінде Ғазизхан Шекербаев те жедел жоспар құрып үлгерді. Бүгінде ол орындаушылықтан гөрі, сазгерлік қырынан нәпақасын табуға көшкен көрінеді.

Композитордың әріптесі Ұшқын Жамалбек болса, қауіпті вирустен қорықпай, сақтануға шақырды.

Ғалымдардың пікіріне сенсек, бұл вирус ыстыққа төзімсіз. Әлемді дүрліктірген індет көп ұзамай көзден бұлұлдай ұшатыны секілді! Пандемия наурызды тойлауға кедергісін келтіргенімен, сәуір айында тәуір болатынымыз анық!

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close