k-popБасты жаңалықтарКлиптерМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші

«Renzo» тобы шығармашылыққа қайта оралды

Алуа Қонарованың қол астындағы жігіттер жаңа видеоны желіге жүктеді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін тыңдармандарымен қайта қауышқан RenZo тобы, шоу-бизнестің қайнаған қазанына оралмақшы. Жігіттердің жағымды жаңалығы жетерлік. Күні кеше тың роликті ғаламторға салып, рензиктерді бір қуантып алды. Көңіл күйді көтеруді көздеген boysband, бұдан былай шығармашылыққа білек сыбана кірісетіндерін айтады.

«Қазіргі таңда жаңа тректер жазу үстіндеміз. Бұл біз үшін тың бағыттағы әндер болмақ. Тыңдармандарымызды таң қалдырамыз деп ойлаймыз. Себебі репертуарымызда бұрын-соңды мұндай туындылар болмаған», — дейді топ мүшелері.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close