Басты жаңалықтар

Аша Матайдың ата-анасы келін түсірді

Аша Матай жеңгелі болды. Әншінің ағасы Айдар Асқарбек ақ құсын қолына қондырып, бойдақтар тізімінен сызылды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Отандық фильмдерде актер ретінде танылған Айдардың таңдауы, Баян Мақсатқызының шәкіртіне түскен. Екі жастың таныстығы түсірілім алаңынан бастау алған еді. Сакура мен Раузаның тағдырлары кинода баянсыз болғанымен, өмірде өз жалғасын тапты. Өткен сенбіде актердің жарына сырға салынып, қазақтың салт дәстүрі бойынша ару үйінен ұзатылды. Дәл қазіргі таңда қалыңдық той көйлегін таңдау үстінде.

«Ұзатуға киетін киіміме қатты уайымдаған жоқпын. Тойға бір көйлек таңдадым. Болды, осы көйлек қой деп жүргенімде ойым өзгеріп қалды. Ұнамай қалды, білмеймін. Енді жақында қайтадан таңдауға барамын», — дейді Жарқынай Ханайым.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close