Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрРепортаждарШоу бизнесШоумен & Тұлға

«Кім айтты орыс деп?» Өзге ұлттың өкілімен шаңырақ көтерген Жандос Айбасов өзін сынағандарға жауап берді.

Актер Айбасов әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен келіншегі жайлы ел білмейтін мәлімдеме жасады. Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Таяуда ғана қолына ақ құсын қондырған Жандос Айбасов, алғаш рет жұбайымен жұрт алдына шықты. Отыздан асқан шағында шаңырақ көтерген актер, жеке өмірі жайлы жан баласына жақ ашпауға бекінген сыңайлы.

«Шешемді , жанұямды, жанымда жүрген жұбайымды осындай сұхбаттарға айтқым келмейді. Өйткені бұл менің жеке өмірім. «Қашан той болады?» — деген секілді сұрақтарға жауап бергім келмейді», — дейді актер Жандос Айбасов.

Бірнеше апта бұрын актердың келіншегі парақшасына неке куәлігімен түскен суреттерін жүктеп, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.  Алайда, Марина атты қалыңдық қазнетте қызу талқыға түсті. Басты себеп – актердың өмірлік серігін өзге ұлттың өкілін таңдауында болса керек.

«Сіздерге кім айтты орыс деп?  Бірақ ол қазақ қой. Руын білмеймін.  Енді айттым ғой бұл менің жеке өмірім, бұндай сұрақтарды қоя бермеңіздерші. Өйткені былай қарасаңыздар менің жұмысымда болып жатқан жаңалықтар өте көп. Каскадер ретінде жұмыс істеп жатырмыз, кино түсіріп жатырмыз», — дейді Жандос Айбасов.

Иә, Жандостың шығармашылықтағы жаңалықтары да жетерлік. Айбасов әріптес-достарымен бірге бюжеті 50 млн теңге құрайтын фильмді таспалапты. Қалың көпшілікке актер ретінде танылған өнер иесі енді кинопродюсерлікке бет бұрған.

 «Өйткені продюсер ретінде өзімнің жұмысым көп болды. Егер мен актер ретінде ойнайтын болсам менің фильмге тигізер септігім аз болатын еді», — Жандос Айбасов.

«Жаным, ты не поверишь» фильмінің желісі тұңғыш сәбилерін күтіп жүрген Дастан мен жүкті әйелінің шаңырағынан өрбиді . Келіншегінің күнделікті айқайынан шаршаған отағасы достарын ертіп, балық аулауға аттанады. Жорыққа қармақсыз кеткен жігіттер жапан далада тылсым оқиғаларды бастан өткереді.  «Қара комедия» атты тың жанрда таспаланған туындыға Дулыға Ақмолда, Еркебұлан Дайыров, Рүстем Жаныаманов бастаған актерлық құрам аса ыждақаттылықпен таңдалыпты.

 «Мен бұл фильмде басты рөлді ойнамаймын. Басты бағытты қыз бен жігіт ойнайды.  Мен қосалқы рөлдемін. Қиындықтар көп болды. Каскадерлармен жұмыс істегенде соққылар тиіп кетеді. Басыңа аяғы тиеді, құлап бара жатып қолы тиіп кетеді», — дейді актер Рүстем Жаныаманов.

Аталмыш фильмге қазақ киноиндустриясындағы кіл мықтылар кастингсіз қабылданған. Таңдаулылар тізімінде фильм режиссерінің жұбайы Әсел Қалиева да бар.

«Ешқандай кастинг болған жоқ. Режиссер Ернар Нұрғалиев әуел бастан қай кейіпкерді қай актер сомдайтын білді.  Бастапқыды, менің рөліме  басқа актриса түсетін болған. Аз уақыт қалғанда, жоспар өзгерген. Ернар хабарласып: «Бізді құтқар, көмектес, фильмге сен түсесің» — деді. Келіспеске амал қалмады», — дейді актриса Әсел Қалиева.

Аяғы ауыр әйелдің образын сомдаған актрисаға жүктілік шынымен де жұғысты болған секілді. Бүгінде Әсел Қалиева декреттік демалысқа дайындалып жүр.

 « Түсірілім кезінде жасанды ішпен жүрдім. Ол кезде жаз мезгілі болатын. Жүктілік мерзімім дәл арттағы афишадағыдай еді. Сосын түсірілім уақытында шынымен де аяғым ауырлады. Әдейілеп жоспарланған жүктілік емес. Қазақтар айтпақшы, жұғысты болды», — дейді актриса Әсел Қалиева.

 Иә, төл туындыны тамашалауға келген жұлдыздар санында шек жоқ. Жаңа жанрдағы кинокомедияға шоу-бизнес өкілдері қандай баға бермек?

«Толықтай көңілімнен шықты. Шынымды айтсам бұндай фильмді күтпеген едім. Әрине, оған дейін трейлерді, суреттерді  көрді. Бірақ одан да қызық болып шықты», — дейді актриса Жанаргүл Жаныаманова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close