Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Музыка маған қызық емес!» Rin’Go тобының экс-солисі ел күтпеген мәлімдеме жасады

Өткен жылы топтан кеткен Rin’Go тобының экс-солисі Батыр Байназаров енді музыкадан да алшақтайтынын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Таяуда «Түркия дауысы» байқауында бақ сынаған Ринголық Әділжанның халықаралық жобада жолы болмаған секілді. Алғашқы екі кезеңнен сүрінбей өткен отандық орындаушыға ақтық сында сәттілік серік болмапты.

 «Енді әрине басқа мемлекетте жобаға қатысу қиын. Арақашықтық пен тіл мәселесі бар. Басқа қатысушыларға қарағанда оған қиынырақ болды. Өзін жақсы көрсете алды. Біз әр эфирын күтіп, бірге қобалжып отырдық.  Енді өкінішке қарай финалға өте алмады», — дейді Rin’Go тобының мүшесі Данияр Өтеген.

Әділжан бұл байқауда вокалдық қабілетіне сенгенімен, өнерпазға тіл мәселесі оңай соқпаса керек. Десек те, Умаровқа тығырықтан шығар жолда жәрдемдескен Ринголық әріптестері. Түрікше таза сөйлейтін Аян Бірбаев жобаға қатысты құжаттарды толтырып, көмегін аямаған.

«Сен түрікше білсең ана жерде қызық болады дедім. Халық та қызығады. Керемет нәтиже болады дегендей ғой. Ті л үйрене бастады, ақырындап сөйлей бастады», — дейді Rin’Go тобының әншісі Аян Бірбаев.

Иә, бұл сайыс Әділжан үшін шыңдалу делік. Бірақ әнші жігіттің жігері жаншыла қойған жоқ. Ал, топта төселген Аянның жеке орындаушы ретінде сахнаға шығу жоспарында жоқ.

«Өмірімде ешқашан жеке өлең айтпаппын. Мектеп кезінен бастап топта өлең айтамын. Әрқашанда топ құрамындамын. Өзімнің сахнада жеке тұрғанымды елестете алмаймын», — дейді Rin’Go тобының солисті Аян Бірбаев.

Дәл осы сұхбаттан соң, Бірбаевтың ойы өзгерген секілді. Ел алдына жалғыз шығуға жатсынып жүрген бұл жігіт бүгінде жеке әндерін жазып жатқан көрінеді. Аянның сырын сахнадағы серігі Данияр ашып қойды.

 «Кішкентай құпиямызда ашайын, Аян да мен  де жеке әндерімізді жаздық. Бұған дейін әлі жеке шығып көрген жоқпыз…Менің өзіме деп бұрыннан сақтап жүрген 2-3 әнім бар.Соны қазір мен де жасап жатырмын », — дейді Rin’Go тобының мүшесі Данияр Өтеген.

Аян мен Данияр жеке орындаушылыққа бет бұрып жатса, топтың экс-мүшесі Батыр Байназаровтың сахнадан гөрі киноиндустрияға  деген қызығушылығы артқан.

Қазір музыкаға көңіл бөліп жатқан жоқпын, өзіме онша қызық емес.  Жаңа қызығушылығым кино болып тұр. 1-2 киноға түстім, тағы бір маусымын түсіріп жатырмыз», — дейді Rin’Go тобының экс-әншісі Батыр Байназаров.

Төртіктен үштікке айналған ұжымның жұмысы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Бір жылдық демалыстан оралған бойзбенд шығармашылыққа белсене кірісіп, өз жанкүйерлеріне жаңа әндерін жинақтап жатыр.

«Трио ретінде жаңа әнімізді жаздық. Бірнеше ай бойы іздеген әнімізді тауып, бірнешеуін сатып алдық.  Ең алғашқысын екі күн бұрын кірістік», — дейді Rin’Go тобының мүшесі Данияр Өтеген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close