Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерРепортаждарШоу бизнес

«Арзан фильм!» Нұртас Адамбай «Семейные страсти» комедиясын сынға алды

Мейіржан мен Дананың шағын сериалы, толықметрлі фильм түсірді. Аталмыш комедияға отандық киногерлер қандай баға берді? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

 

Шағын вайн, көлемді картинаға айналды. Мейіржан мен Дананың «Семейные страсти» атты инстаграмдағы минисериалы енді толықметрлі фильмдер тізімін толықтырды. Аталмыш картинаға режиссерлік еткен Асқар Бисембиннің бұл ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы еңбегі көрінеді.

«Екі-үш жылдай мүлдем кино түсірген жоқпын. Бұл аздаған үзілістен кейінгі бірінші фильмім. Сондықтан кішкене қиын болды», — дейді Асқар Бисембин.

Бұл туындыда қарапайым отбасының өмірі суреттеледі. Мейіржан көлік жөндеу орталығының жұмысшысын сомдаса, жары Дана косметика сатушысы. Айтпақшы, бұл Есееваның кинодағы алғашқы қадамы. Вайн таспалауда тәжірибесі толысқан бикеш, бұл картинаға ешбір кастингсіз қабылданған.

«Фильмде бір кадрды бірнеше рет түсіреді. Сосын түн мен күнді күтеді.  Уақытқа бағынады. Ал вайн таспалау оп-оңай. Біреуге қиынға соқса да, мен үшін жеңіл», — дейді Дана Есеева.

Әуелде танымалдылығының арқасында жобаға іріктеусіз өткен Дана, түсірілім барысында команданы тығырыққа тіреген көрінеді. Әуесқой актрисамен Асқар Бисембин де алаңда әуре-сарсаңға түскен.

«Негізі тәжірибесіз әртіспен жұмыс істеу қиын. Себебі бұйрық бергенде режиссер мен актердың өзара жеке тілі болады. Сол жағынан аздаған мәселелер орын алды. Бірақ ол вайндарға, сериалдарға түсіп жүргендіктен аздап біледі, дегенмен кинодағы тәжірибенің жөні бөлек», — дейді режиссер.

Фильмнің желісі бойынша қалталы құрбыларының шетелде демалғанын естіген Есеева да әлемді аралауды қалайды. Алайда қаржының тапшылығынан олар Ақтауға саяхаттауды жөн көреді. Жол-жөнекей түрлі шытырман оқиғаны бастан кешірген жанұя, ақыр соңында көк тиынсыз қалады.  Кинотуынды бар-жоғы 16 күн ішінде таспаланыпты.

«Меніңше, режиссер бұл фильмге көп қаражат жұмсамай, бастысы сюжеттің құрылымына көңіл бөлген. Сондай-ақ, бұл Мейіржан мен Дананың вайнер ретіндегі эксперименттері болған секілді. Бастысы, халықтың көңілінен шықса жақсы», — дейді Жеңісхан Момышев.

Отбасылық комедияда Ақтаудағы оқиға суреттелгенімен, анығында түсірілім тобы батыста емес, жақын маңдағы Қапшағайда таспалап қайтқан көрінеді.

«Шынымды айтсам, фильмнің бюджеті аз екені көрініп тұр. Қымбат техникалар пайдаланылмаған сияқты. Бірақ бұл кинода сапа мен техникаға емес, әзілге баса назар аударылған. Ал ол жағынан бәрі жақсы деп ойлаймын», — дейді Нұртас Адамбай.

Айта кетейік, аталмыш картинаның жалпы шығыны 55 миллионды құраған. Сондай-ақ, бұл туындыға Әбунасыр Серіков, Сая Оразғалиева, Жәния Джуринская сынды актерлық құрам жасақталған. Көптен күткен картина алғашқы көрерменнің көңілінен шыға алды ма?

«Фильм маған қатты ұнады.  Instagram-да да Мейіржан мен Дананың  вайндарын үнемі көремін. Кинодағы көптеген әзілдер еріксіз күлкі үйірді. Өйткені біздің өмірімізден алынғандай, өте ұқсас сәттер көп болды», — дейді «Ayumi» тобының экс-әншісі Әсел Жамақаева.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close