Жаңалықтаржоғары

Ерлан Көкеев Bek Air компаниясын сотқа бермек

Елімізге танымал әнші Ерлан Көкеев тасымал кезінде муызкалық аспаптарын бүлдірген Bek Air компаниясын сотқа беретінін мәлімдеді. Әртіс әлеуметтік желідегі парақшасында сынған аспаптардың суретін салып, аталған әуе компаниясына өз өкпесін білдірді деп хабарлайды Nur.kz

«Бүгін таңертең Bek Air компаниясымен Алматыға ұшып келдік. Музыкалық аспаптарымызды мынандай күйде алдық. 25 жылдық гастрольдік өмірімде алғаш рет аспаптарды осылай алып отырмыз. Бұл жәй ғана аспап емес, өте қымбат музыкалық аспап. Мұнда: «Абай болыңыз, әйнек!» деген жапсырмасы да бар. Бізге оларды осылай қайтарып, тіпті ол үшін кешірім де сұрамады»,-деп ашынды Ерлан Көкеев.

Әншінің айтуынша, оқиға орнында мәселені шешіп беретін компанияның кезекші өкілі де болмаған.

«Оқиға орнында Bek Air компаниясының бірде-бір кезекші өкілі болмады. Біз олардың кеңсесіне барған едік, күзетші демалыс екенін айтты.Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері де қол қусырып қарап отырды. Қорғаушымен кеңескеннен кейін әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен полиция шақырдық. Аталған фактіні құжат және фото түрінде тіркеп, Bek Air компаниясын моральді және материалды шығын үшін сотқа беруге ниеттіміз»,-деді әнші.

Ерлан Көкеев компанияның өз жұмысына салғырт қарайтынына таңғалғанын айтты.

«Олар мұның музыкалық аспап екенін көріп тұр ғой, оны қалай лақтыруға болады?! Мен қатты таңғалдым. Бізге кешке жұмыс істеу қажет. Мәселе қай компаниямен ұшатынымызда емес, өз клиенттеріне қалай қызмет көрсететіндерінде. Әуежай тасымал мәселесін шеше алмаса, сол орында көлік тасымалы компаниясының кезкші өкілі болу тиіс емес пе?!»,- деп ашынды ол.

Айта кететіні, оқиға 13 қаңтар күні орын алған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close