Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Әли Оқапов отандық конкурстардың өтірігін әшкереледі

Әли Оқапов еліміздегі жас орындаушылар бақ сынайтын байқаулардың былығын ашты. Осы уақытқа дейін бірнеше вокалдық сайыстарға қазылық еткен әнші шындығын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Батырхан Шүкенов атындағы жас орындаушылар сайысы биыл да жалауын көтермек. «Отан ана» атты үшінші республикалық дода әйгілі музыканттың туған жері Қызылорда өңірінде өтеді. Күні кеше Алматы шаһарында бас қосқан ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерімен жүздесіп, арнайы баспасөз-мәжілісін өткізді.

«Байқаудың ерекшелігі – оркестермен жұмыс жасау! Қазір көп байқаулар өтіп жатыр ғой. Телевизиялық болсын, басқа да байқаулар бар. Бұл байқаудың ерекшелігі мықты музыканттармен бір сахнада айту!» — дейді байқауға қазылық ететін Ренат Гайсин.

Шүкенов атындағы конкурстың өткен жылғы жеңімпазы атанып. бас жүлдені еншілеген Ерік Төленовке арнайы мүсіншемен қатар қомақты қаржы да табысталған. Өнерпаз өзіне тиесілі ақшалай сыйлықты шығармашылығын шыңдауға жұмсаған.

«Өмірім күрт өзгерді деп айта алмаймын. Бірақ мен үшін үлкен бақыт. Иә, одан кейін де Батырхан ағамызға қатысты концерттердің көптеген сахналарында ән салдым. Сенім пайда болды. Оқу орнынан да көптеген елдерге, Румынияға, Прагадағы конкурстарға жіберіп жатыр», — дейді жас әнші Ерік Төленов.

Десек те, таяқтың екі ұшы бар. Оқаповтың айтуынша, отандық орындаушылардың вокалдық қабілетін бағалайтын байқаулардың басым бөлігі әділ өтпейді. Тіпті, осы уақытқа дейін түрлі жобаларға төрелік еткен танымал әнші, жеңімпазды анықтайтын сәтте қазылардың құйтырқы әрекеттерін бірнеше мәрте куә болған.

«Барлығы әділ өтеді деп айта алмаймын, өкінішке орай. Кейбір кезде біз түсінбейтін, біз байқамай қалатын нәрселер болып қалады. Мен де сондай жағдайларға куәгер болғанмын. Қазылар алқасында отырып, дайын ғана шешімді алдыма қоя салған кездер де болған. Осы бала немесе жігіт жеңімпаз деген сияқты», — дейді Әли Оқапов.

Ал, Батырхан Шүкеновтың құрметіне ұйымдастырылған байқау қаншалықты әділ өтеді? Бұл сауалды конкурсқа қазылық еткен төрешілерге де жолдадық әрі гран приді иемденген орындаушыға да төтесінен қойдық.

«Мен шынымды айтайын, осылай жеңімпаз боламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ өте әділ, өте әділетті конкурс деп ойлаймын. Қазақстанда көптеген конкурстарда болып жүрміз, көріп жүрміз. Солардың ішінде ең әділеттісі деп айтуға болады», — дейді II республикалық «Отан ана» байқауының жеңімпазы Ерік Төленов.

«Мен түрлі байқауларда болып жүрмін. Бірақ ойбай, мынау менің қарындасым, досым, бауырым немесе балдызы деген сияқты ондай ешқандай оқиға болған жоқ. Байқау деген шындық қой!» — деді композитор Ренат Гайсин.   

ІІІ республикалық «Отан ана» байқауы Батырхан Шүкеновті еске алу және оның шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылмақ. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 18-30 жас аралығындағы вокалистер қатыса алады. Үш кезеңнен тұратын сайыс тың өзгерістерге толы.

«Бірінші өзгерістері – екінші кезеңде баттл есебінде өтейін деп жатыр. Баллтды қазақшға аударған кезде негізі «айтыс» қой. (күледі) сол екі айтыскердің қайсысы жақсы, сол конкурстың ерекшелігі сол деп ойлаймын», — дейді Батырхан Шүкеновтың ағасы Бауыржан.   

Алдағы жылдары Шүкенов атындағы конкурстың шекарасы ұлғаюы бек мүмкін. Аталмыш доданы халықаралық деңгейде өткізу жоба ұйымдастырушыларының жоспарында бар. Ал, биылғы байқаудың финалы 16-18 мамыр аралығында өтеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close