Басты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарСұхбаттарТұсаукесерШоу бизнесЭксклюзив

Нұрлан Қоянбаев кинодағы басты бәсекелестерін атады

Киноиндустрияға бет бұрған «КВН»түлектері арасында нағыз бәсеке басталды! «Гудбай, мой бай - 2» фильмінің алғашқы көрермені картинаның сюжетін отандық өзге комедияға ұқсатып отыр, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Күні кеше «Гудбай мой бай» фильмінің екінші бөлімі жарыққа шықты. Комедия жанрындағы тың туындының продюсерлері Рахимбаев пен Шайхисламов. КВН-нан түлеп ұшқан әзілкештердің кезекті картинасына алғашқы болып Қоянбаев өз бағасын берді. Өйткені, Нұрлан отандық кинопрокатта әлемдік фильмдерді де басып озып, рекорд жаңартқан тәжірибелі маман. Сәбит пен Дәут те әріптесінің жетістігін қайталауды көздеп жүр.
Нұрлан Қоянбаев: «Жалпы әзілдері көп болды. Маған ұнады. Сәбит, жарайсыңдар! Өте жақсы жұмыс болды. Менің ойымша көрерменге ұнайды», — десе, Даут Шайхисламов: «Рахмет, бірақ біз неге ұмтылу керектігін білеміз. Ең жоғарғы нәтижені сіз көрсеттіңіз! Реокрд жаңарттыңыз», — деп жауап берді.
«Сендерге рекордқа жақындаудың керегі жоқ. Одан әрі жүріңдер», — деп әзілдесті Қоянбаев.
Иә, бұл қос продюсер Қоянбаевқа қарап бой түзейді. Тіпті, талай жылдан бері бір салада еңбек етіп, тер төккен жігіттертер Нұрланның өнімін өткізудегі шеберлігін де мойындайды.
«Енді Нұрлан Қоянбаев ол деген үлкен кісі ғой. Ол квн-де қанша жыл ойнаған. Оны халық жақсы таниды. Нұрлан Қоянбаев еліміздегі нөмірі бірінші продюсер. Соған жетсек бізге жақсы. Енді уақыт келеді ғой жетеміз, ақырындап», — деді Сәбит Рахымбаев.
Қоянбаевтың киноиндрустриядағы тәсілі достарына ұнаған секілді. Күні бүгінге дейін бірнеше картинаның тұсауын кесіп үлгерген Сәбит пен Даут табыс табудың көзін енді түсіне бастағандай. Себебі, қос продюсер бүгінге дейін «Гудбай мой бай» туындысын тек Қазақстанда таспаға тартса, аталмыш фильмнің кезекті бөлімін шетелде түсіруді көздеп отыр.
«Үшінші бөлімді түсіретін болсақ, мүмкін бір аралда түсіретін шығармыз. Әзірге ойланып жүрміз. Қазіргі шығармашылық жұмыс орныққан соң көрермендерді таңғалдырамыз,керемет түсірілім алаңымен», -деді Шайхисламов.
Бұл фильмде сәби күткен төрт отбасының оқиғасы суреттелген. Ал, кинодағы Сәбиттің кейіпкері келіншегімен ажырасып, бойдақ өмірді аңсайды. Алайда, комедия жанрындағы киноның желісін жұлдызды көрермен басқа картинаға ұқсатып отыр.
«Бұның алдында «Брат или брак» болды. Ол жерде де әйелдер босанып, сондай сюжет болды есіңізде болса. Бұл кинода да сондай болды. Ол өйткені туысқан арасында болғаннан кейін, отбасылық жағдай болғаннан кейін ұқсап тұрады бір-біріне», — деді Жеңісхан Момышев.
Алғашқы көрермендер қатарында Айқын да бар. Төлепберген де таяуда киногерлердің тізімін толықтырмақ! Комедия жанрының қарқынды дамуы әуесқой продюсердің үрейін тудырғандай.
«Негізі кинода шыны керек, бәсекелестік деген әншіліктен қарағанда қаттырақ сезіледі. Себебі, екі кино бір уақытта шыққанда кәдімгідей кассасы бөлінеді. Адам өзі шешеді қайда баратынын.Өте қиын. Мысалы бұл уақытта менің кином шығуы керек болған. Бірақ, кейінге қалдырдым. Себебі, дәл қазір шығып жатқан кино өте көп», — деді Айқын Төлепберген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close