ЖаңалықтарӘнші

Ақбота Сейітмағанбетованың орнын басқан кім?

«Кешью» — дің жаңарған құрамын 7-ші ақпанда хабарлаймын деп алақанын ысқан Баян Есентаева діттегеніне жете алмады! Себебі, спойлерлер атышулы топқа «Лашындық» Элизат Берікова қосылғанын жариялап жіберді. Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Шамамен екі апта бұрын аспан асты елінің Сиань қаласына аттанған гелз бендтің құрамында пайда болған ару кім, — деп бас қатырған тыңдармандары! Қытайлық телеарналардың бірінде «Кешью» қатысқан бағдарламаның кадрлары бүгін ғаламторда пайда болды. Дегенмен, бұған дейін Ақботаның орнын Назым Әбілдина басады деген қауесет тарағанды. Осы жәйттің бәрін ескерсек, бұл видео продюсерлік орталықтың пиар қадамы болуы мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз.

Естеріңізге сала кетсек, Ақбота Сейітмағамбетова тұрмысқа шығамын деп жеті жылдық келісімшартты мерзіміне жетпей бұзғанды. Әзірге, ол жеке әнші ретінде танылуды көздеп жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close