Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесӘнші

«Ішіп-жегенің кімге керек?» Меруерт Түсіпбаева кімді меңзеді?

Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіге байланған әртістерге шүйлікті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Әр қадамын әлеуметтік желіге жүктейтін отандық шоу-бизнес өкілдерінің әрекеті Меруерт Түсіпбаеваның жүйкесін жұқартып жүр.

«Менде былай киініп, мынаны жедім, іштім, шетелге бардым, маған машина сыйлады дегендей мақтаншақтық жоқ, оны қайтемін? Халық қазір өте төмен деңгейде өмір сүріп жатыр. Жағдайы нашар. Сол көпшілікті мазақтап, қызықтырып, қызғанышын тудырып, менің өмірім мынадай деп көрсетудің не керегі бар?», — дейді Меруерт Түсіпбаева.

Меруерттің бұл өткір пікірі өнердегі біраз әріптестерінің шамына тиген сыңайлы. Оқырмандарымен жиі байланысқа шығатын әртістер қауымы Түсіпбаеваның сөзімен мүлдем келіспейді.

«Біреуге өмірім қызық болса, саламын. Көрінбей кеттіңіз ғой, неге шықпай қалдыңыз? Біз сізді сағынып қалдық деп жазады. Сосын не істеймін, шығара беремін. Мен мындамын, тамақ жеп отырмын деген сияқты. Ол біреулерге жағады, ұнайды. Ал кейбіреулер: «Ей, сен, немерең бар кемпір! Үйде отырмайсың ба деп айтады дейді. Мені байым отырғыза алған жоқ, сен кімсің деймін де қоямын (күліп)», — дейді Шахизада.

«Қазір Instagram соны талап етеді. Статистика бар, оқырман бар. Оларға сенің  киімің, өзіңді қалай күтетінің, арықтағаның, не киетінің қызық. Кейбіреуінің мүмкіншілігі жоқ, бізді оқитын жас аналардың көбі ауылда тұрады. Мысалы біз өзімізге қарау үшін ақша төлеп, үйренеміз ғой, ал олар бізге қарап үлгі алады», — дейді Сиви Махмуди.

Шоу-бизнес өкілдеріне шүйліккен Түсіпбаева да Instagramда белсенді, бірақ әншінің басты ұстанымы — елдегі өзекті мәселелерге ат салысу. Меруерт ханымның айтуынша, өнер адамының әлеуметтік желідегі бет-бейнесі беделіне сай, жүргізген аккаунты ардан аспауы қажет.

«Роза Куанышқызын қараңызшы, «Золотой Орфей»-ді алған адам. Бүкіл мемлекетке танымал немесе Димашты алыңызшы. Тіпті ата-анасының бос сөйлеп, көлгірсіп, мен үйттім-бүйттім деп отырғанын көрмейсіз. Екеуі де Range Rover мініп, аппақ киініп, жарқырап жүрсе болады ғой. Олар соншалықты деңгейге түспейді. Неге? Өйткені мәдениеттері өте биік», — дейді Меруерт Түсіпбаева.

Иә, кейінгі кезде әлеуметтік желіде тек нәзік жандылар емес, өнердегі ерлер қауымы да белсенді.

«Ішкен-жегенімізді салып жатқан жоқпыз. Бірақ сен Үнді мұхитының ортасында, акулалардың жанында краб жеп отырсаң, оны салуға болады. Ал үйде печенье жегенің әрине, ешкімге қажеті жоқ. Мысалы кейбір адамдар шетелде болмаған. Олар тым құрымағанда бейнеролик арқылы көргісі келеді», — дейді Айқын.

Айқынның оқырмандар санатында замандасы Ринат Баситов та бар. «Азиялық» әншінің айтуынша, әлеуметтік желіге әр қадамын салу, қарапайым халықты ғана қажытпай, кейбір жұлдыздардың өзіне де жақпай жүрген көрінеді.

«Қазір көбі дәретханаға кіргенін де, душқа барғанын да салады. Менің ойымша, Instagramды тек жұмыс бабымен пайдалану керек. Әнші болсаң тындарманыңа қай жерде, не істеп жүргеніңді көрсеткеннен гөрі өнеріңді, жаңа әндеріңді, қандай клип шығарайын деп жатырсың, сол жайында бөліскенің дұрыс-ау деп ойлаймын», — дейді Ринат Баситов.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close