Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрСұхбаттарШоу бизнес

Отандық шоу-бизнесте той! Актриса Динара Бақтыбаеваның болашақ жары кім?

Актриса Динара Бақтыбаева көктемде тұрмысқа шығады. Жұлдызды қалыңдықтың таңдауы кімге түсті? Арудың актрисалық мансабымен қош айтысатыны рас па? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Күні бүгінге дейін жеке өмірі жайлы тіс жармай келген актриса Динара Бақтыбаева, өмірлік серігін қалың жұртшылыққа таныстырғаны сол еді, көп ұзамай сылқымға сырға салынып, қос тарап тойдың қамына кірісіп кетіпті.

«Алла бұйырса, наурыздың алтысында ұзатыламын, ал жетісі күні үйлену тойымызды жасаймыз», — дейді Динара Бақтыбаева.

Арудың жүрегін жаулаған азамат Батыс қазақстандық Арман есімді жеке кәсіпкер. Қос ғашық он жылға жуық достық қарым-қатынаста болыпты.

«Болашақ жарым жеке кәсіппен айналысады. Компанияда да қызмет етеді. Атырау қаласының тумасы. Мен де сол жақтанмын. Екеуміз мектеп қабырғасында, яғни 11 сынып оқып жүргенде таныстық. Содан бері араласып келеміз», — дейді актриса.

Әдетте шоу-бизнестегі нәзік жандылар тұрмыс құрған бойда өнерімен қош айтысса, Бақтыбаеваның болашақ жары керісінше мансабын әрі қарай жалғастыруына қарсылық танытпайтынын айтқан. Себебі ару алғаш актрисалық жолға қадам басқанда бірінші қолдау білдіріп, демеу болған жанның бірі Арман екен.

«Алғаш кино әлеміне келгенде менімен бірге болған адам — Арман. Ол бәрін өз көзімен көрді, түсінді, актриса ретіндегі тұңғыш жетістіктерімді де біледі. Әрине, ол менің шығармашылығымды құрметтейді. Қиналған сәттерімде арқа сүйей білген жан. Сондықтан ол мені әркез қолдап келеді  және бізде өнеріме қатысты ешқандай мәселе жоқ», — дейді жұлдызды қалыңдық.

Бұған дейін жеке өмірімен бірде-бір БАҚ өкілдері мен көпшіліктің назарына түсіп көрмеген Динараның жігіті жайлы жариялаған посты, оқырмандарының таңданысын тудырса, ерлер қауымының көңіл-күйін түсірді. Тіпті бірқатары әлеуметтік желіде достығын үзіп, бұғаттауға дейін барды.

Болашақ күйеуім дейді?, Енді менің өмірім бұрынғыдай болмайды!, Неге оны таңдадың, неге мені емес?, — деп жазды желідегі жігіттер.

«Көпшіліктен жеке өмірімді жасыру, бұл менің ұстанымым болды. Себебі біздің қоғамда қара ниетті адамдар өте көп. Тіпті кеше сүйіктім жайлы кішігірім жазба жүктеген едім. Кереғар пікірлерге толып кетті. Бәлкім осы күнге дейін біреудің мені талқылауынан сескенгендіктен сүйіктім жайлы жарияламай келген шығармын», — дейді бикеш.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close