Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесӘнші

«MadMen» тобы Қазақстанның түкпір-түкпірінде концерт бермек

Boysband таяуда әнжинағын жарыққа шығарып, тұңғыш рет Қазақстан бойынша турға аттанбақ, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

MadMen тобы аздаған үзілістен соң өзге әріптестері сынды шығармашылыққа бар ынтасымен қайта кірісіпті. Жігіттер күні кеше жанкүйерлеріне су жаңа таңғажайып шоу сыйлап,  бір серпілтіп тастады.

«Бірінші жоспар орындалды. Енді EP мини альбомымызды жазып, әрі қарай тур жасамақшымыз. Біздің атымыздан тағы да басқа бағдарламалар, қызықты жобалар шығатын болады», — дейді boysband.

Иә, үш жылдық тарихы бар топ, Қазақстан бойынша тұңғыш рет тур жасамақ. Алайда boysbandтің тыңдармандарына әзірлеген тосынсыйлары мұнымен таусылмайды. Серілер су жаңа альбомға ең үздік 5 әнін топтастырып, таяуда тың бейнебаян таспалауды да ойластырып қойыпты. MadMen әншілері алдағы уақытта өздерін жат стильде сынап көрмек.

Иә, жігіттердің тең жартысы ұстаздық қызметпен айналысса, топтағы Рахат пен Ерасыл әлі студент. Бүгінде серілер би мектебінде еңбек етумен қатар, түрлі іс-шаралардан нәпақа тауып жүр. Бірақ MadMen тобы тойда өнер көрсетуге түбегейлі қарсы.

«Біз тойға шықпаймыз. Тапсырыс бар, бірақ оларға бармаймыз. Себебі тыңдарман тамақ жеп отырса, біз оларға қызықсыз болсақ онда не үшін уақытымызды зая кетіреміз», — дейді топ мүшелері.

Boysbandтің отандық шоу-бизнеске аяқ басқанына аз уақыт болса да, qpop өкілдері Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шетелдерден де жанкүйерлер армиясын жасақтап үлгеріпті. Таяуда топ мүшелері елдегі турдан бөлек, Қырғызстан сахнасында өнер көрсетуді жоспарлап қойған.

«Бізде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Канада, Кореяда және Түркия, Франция сынды мемлекеттерде тыңдарманымыз бар. Бірақ ол уақытша. Жақын арада бұл ауқымды ұлғайтамыз деген ойдамыз», — дейді MadMen.

Келешекте MadMenнің жетекшісі жігіттердің жеке өнер көрсетуіне де жағдай жасауға сөз беріпті. Сондықтан серілер әншіліктен бөлек  қырларын дамытуда аянбай тер төгуде.

«Қазір шығармашылықпен айналысып жүргеннен кейін топ өз жұмысын жалғастыра береді. Бірақ та өсе келе әркім өзінің жолын тауып жеке әнші ретінде өнер көрсететін шығар деп ойлаймыз. Негізгі кәсібіміз әншілік қой. Мүмкін біреу актерлыққа кететін шығар. Ол жағы қазір белгісіз», — дейді qpop өкілдері.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close