Жаңалықтар

Асхат Садырбай: «Ninety One» тобын жай ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім

Тележүргізуші Асхат Садырбай «Ninety one» тобының жаңа бейнебаянымен құттықтап, топ жайында өз пікірін білдірді.

«Ninety one туралы екінші рет жазып отырмын. Басқа жазатын нәрсе жоқ па, соны да әңгіме ғып, онсыз да проблема жетеді, сонда сіз сондайларды қолдап, насиxаттап отырсыз ба, т.б. осы сарындағы әңгімелер мен негізсіз айыптаулар қабылданбайды, бірден айтып қояйын.
Мен музыка немесе өнер сыншысы емеспін. Сыншылар алдағы уақытта өз ойларын айта жатар. Олардың айтары менің пікіріммен сәйкес келмеуі де мүмкін. Мен 91 тобына тағы бір рет шолу жасап көрмекпін.
Меніңше NinetyOne тәуелсіз Қазақстанның эстрада, музыка тариxына кіреді. Мен оларды жәй ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім. (артық кетуім де, жаңылысуым да мүмкін, бірақ сонда да) Болашақта олар туралы оқытушылар студенттерге сабақ айтып, дәрістерде талқылайтын болса таңқалмаймын.
Байқасаңыздар қазір оларды жастар да үлкендер де біледі. Шүйіркелесе қалса міндетті түрде талқылайды. Қанша ай өтсе де әлі өзекті, қызық, ерекше. Топ резонанс тудырды. Шыққандарына 1-ақ жыл болса да көп ретте кәсіби емес сынға, дөрекілік пен мәдениетсіз айыптауларға іліге берді. Қайтеміз, біздің эстрада орындаушылары тыңдарманды бір сарынды стильдегі көше, әуесқой, той әндеріне әбден үйретіп тастады. Жаңа, сапалы, заманауи тың дүниелер шыға қоймады. Отандық музыка индустриясында неше жылдан бері мұндай революция болмап еді. Көпшіліктің үрке, шоши қарауы да сол себепті. Олар жайлы айтылатын сындарға қарап отырсам (шамамен) 98.9% ы эмоциялар мен құр айқай. Мен де ұлтымды сүйемін, мен де ұлт болашағына алаңдаймын. Бірақ субьективті пікір мен негізсіз, дәйексіз сынға, негативке қарсымын. Қазір біз киіз үйде тұрмаймыз, атпен жүрмейміз, наДвореХХІвек бәріміз заман талабына сай өмір сүрудеміз, демек кез-келген мәселені өркениетті елдің азаматы ретінде мәдениетті сөйлесіп шешуге болатынын ұмытпайық. /-Ерболатты танимын, бірақ көрмегелі, сөйлеспегелі қай заман?! Соңғы рет қашан көргенім де есімде жоқ;
-Топтағы жігіттердің біреуін де танымаймын, аттарын да білмеймін;
-Ешкімнің адвокаты немесе пиаршысы емеспін;
-Постқа ешкім ешнәрсе төлеген жоқ;/
Шын жүректен, 91 тобының бүгін «Қалай Қарайсың» деп аталатын клипін тамшаладым. Жігіттер тағы да мені мойындатты. Музыка, аранжировка, сапа, xареография өте жақсы.»-дейді Асхат Садырбай.

Көрермендер бұл пікірмен келісуі де, келіспеуі де әбден мүмкін. Ал сіз не дейсіз құрметті оқырман?!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

6 пікір

  1. мен толықтай келісем өте дұрыс айтады . Шыныда да Ninety one- тобы мойындайтын іс істеп жатыр. Мен осы топты қолдаймын керемет жәнеде ары қарай да жұмыстарыда алға баса берсін дегім келеді.

  2. асхат аға дұрыс айтады менде олардың өлеңдерін ұнатам әсіресе қалай қарайсың супер 91 тек алға жарайсыңдар ,бірақ кейбір кездері артық кетіп шаштарын күн сайын әр түске бояғандары дұрыс емес сол үшін адамдар шулап жатады бірақ былайша жаман балдар емес өте күшті топ алға

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close