Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Шоу-бизнес өкілдері домбыраны сындырған жігіттің жазалануын талап етті

Қара домбыраның қорланғанын көрген шоу-бизнес өкілдері дабыл қақты. Ал ашуға булыққан әріптестерін өзге өнер иелері сабырға шақырып әлек, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше әлеуметтік желіде жас жігіттердің домбыраны сындырған сәтінен бейнеролик лезде тарап, бұл жәйт отандық шоу-бизнес өкілдерін де бей жай қалдырмады. Жұлдыздар қауымы  бұл жөнінде жеке парақшасында жарыса пост жариялап, әр түрлі пікір білдіріп әлекке түсті. Ал әзілкеш Ерболат Төлеген ұлттық аспапты қорлаған жігіттің әрекетін танылудың бір жолына балап отыр.

«Қазақта «атың шықпаса жер өрте» дейді. Түрлі жолмен, денесін көрсетіп танылып жатқандар бар ғой. Сөйтіп өзін көрсеткісі келген шығар. Әдейі істеді ме, мүмкін тапсырыс па екен. Себебі домбыраны сындырайын деп жатқан кезде бір ұлттың аспабы екенін білді. Әрине, бізге ауыр тиді», — дейді Ерболат Төлеген.

Алайда санаулы сағаттан соң атышулы роликтің кейіпкері қазақстандықтардан бейнежазба арқылы кешірім сұрап, бұл ісіне өкініш білдіретінін айтқан.

Ал отандық орындаушылардың бірқатары жас жігіттің оңай құтылуына қарсы. Шоу-бизнес өкілдері бұл мәселе кешірім сұраумен шектелмей, құзырлы органдардың қатаң бақылауына алынуын талап етті.

«Бейнежазбамен кешірім сұрай салу деген бассыздық. Ол адам жазалануы тиіс. Бойында қазақ қаны бар адам, есі білетін мен тұрмақ, кішкентай балаға дейін аспапқа деген қорлықты көріп намысы оянады», — дейді Бауыржан Рахымбердиев.

«Ойбай-ай, менің жүрегім қалай ауырды. Сол жігіттің басынан бір ұрғым келді. Бірақ оның қайда екенін білмеймін. Ол деген қазақ халқын мазақ қылғаны ғой. Бірақ сол бейнероликті көргенде ай, өлді-ау мынау дедім. Біздің жігіттер намысшыл ғой», — дейді Шахизада.

Иә, әншілердің айтқаны айдай келіп, көп уақыт өтпей, қара домбыраны жерге таптағандарға намысты жігіттер жазасын берді. Бұл хабар өнердегі ерлер қауымының құлағына да жеткен.

«Орнына қоятын батырлар бар екеніне көзіміз жетті. Негізі Қазақстанның әрбір азаматы намысшыл ғой, ол жігіт өзіне тиісті жазасын алды. Артынша кешірім сұрады. Бірақ бейнежазбадан да есі дұрыс емес екені көрініп тұрды ғой», — дейді Азия мен Бақай тобының әншілері.

Ұлттық аспаптың қорланғанына жүрегі ауырып, мазасы қашқан өнер өкілдерінің қарасы аз болмады. Алайда бірқатары мұны жас жігіттің ақымақтақтықпен жасағанына әрекеті деп отыр. Сондықтан әртістердің ашуға булықпай, сабырға келуін сұрады.

«Ол тек домбыраны ғана емес, бүкіл ұлтты жерге таптағандай болды. Бірақ қателеспейтін адам жоқ. Үзілді-кесілді сойып тастаудың қажеті шамалы. Кешірімді болу керек деп ойлаймын. Ол да кешірім сұрады ғой», — дейді Жеңіс Ысқақова.

Бүгінде әлеуметтік желіні желеу етіп, түрлі жолмен танылу трендте. Бірі сырт әлпетіне сүйенсе, енді бірі ойға-қонымсыз әрекеттер жасап, әйтеуір жұрт назарына іліксем деп әлек. Аталмыш бейнеролик кейіпкері де хайп қуып, атын шығарғысы келді ме, ол жағы бізге беймәлім. Десе де бұл оқиға көпке сабақ болды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close