InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Сүйінші! «Музарттық» Кенжебек Жанәбілов ұлды болды

«Музарт» тобының белді мүшесі Кенжебек Жанәбілов оқырмандарына отбасындағы қуанышты жаңалығын жеткізді. Әнші ұзақ жылдардан соң ұлды болды, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі

Әр жыл сайын ақпанның 7-ші жұлдызы Кенжебек Жанәбіловтың жанұясы үшін қуанышты күндердің бірі болмақ. «Музарт» тобының әншісі төртінші мәрте әке атанды. Бұл жағымды жаңалықты өнер иесінің өзі әлеуметтік желі арқылы хабарлап, дүйім жұрттан сүйінші сұрады.

«Сүйінші, ағайын! Жұма күні ұл сыйлағаныңа сансыз шүкір, Раббым. Алладан басқа жоқ тәңір», — деді Кенжебек инстаграм парақшасында.

Кенжебектің шаңырағындағы қуанышты хабарға оқырмандары да дән риза. Дәл осы ақпаратты желіге жүктеген сәтте, тыңдармандары мен шоу-бизнес өкілдері жұлдызды жанұяға жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр.

«Құтты болсын, Кенжик! Бауы берік болсын», — деді Маржан Арапбаева.

«Оо, бауы берік болсын, Кенже аға. Елдің азаматы болсын», — деді әнші Ғазизхан Шекербеков.

«Құттықтаймыз! Ғұмырлы, тұғырлы азамат болсын!» — деді KeshYOU тобы.

Айта кетейік, Кенжебек пен жұбайы Жәмиланың тұңғышы Ахмет және Карина мен Кәлима есімді егіз қыздары бар.  

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close