k-popQ-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Үшеуміз бірігіп шығайын деп жатырмыз!» Ninety One тобының құрамы өзгермек пе?

Жеке шығармашылыққа белсенді кіріскен Ninety One тобының орындаушылары Мәскеу сахнасын бағындыруды көздеп жүр, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Былтыр Ninety One уандықтарға Беделхан жеке шығармашылықты өрбітуге ресми түрде рұқсатын берген еді. Ең бірінші дебют алған топтың көшбасшысы A.Z. Азаматтың алғырлығынан болар, аздаған уақыт ішінде алғашқы альбомының да тұсауын кесіп үлгерді.
«Альбомның ішіне әзірге сегіз өлеңімді жүктеп қойдым. Толықтай емес. Тағы да бір сегіз өлеңім бар. Олар кейін шығады. Бұл жеке ән жинағымда түрлі жанрдағы әндер бар», — деді A.Z.
Ән қоржынын жеке орындауындағы әуенмен әрлеуді әдетке айналдырған тек Азамат емес. ZaQ та топтан бөлек жиі сахнаға шығып жүр. Дулатқа жалғыз өнер көрсеткен ұнаса керек, бұл кеште A.Z-дің ізін суытпай ол да алғашқы туындысын ұсынды.
«Мен әзірге альбомды әзірлеу үстіндемін. Сол үшін бүгін шет жағасын көрсеткім келді. Негізі жалпы дайындық жақсы. Қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта көрсетемін деп ойлаймын», — деді ZaQ.
Алғашқыда бірінен соң бірі сахнаға бөлек шыққан жігіттерді топтан кетті деп ойлады жұрт. Алайда, A.Z мен ZaQ жеке шығармашылықтарын өрбітуге белсенді кіріскенімен ұжымдағы жұмыстарын ұмытқан емес. Бірақ, тоқсан бірдің өзге орындаушылары әріптестеріне ренжулі көрінеді.
«Дым ақылдаспайды бізбен. Өздерімен-өздері жаза береді. Біздің қатысымыз жоқ қой. Біз жәй ғана вокалистерміз ғой. Мысалға үшеуміз бірігіп алып 91 деген топ болып шығайын деп жатырмыз.«ДЖВ» деген Ninety One жынды вокалистері деген топ ашамыз», — дейді ACE.


Иә, бұл жігіттердің жәй ғана қалжыңы еді. Шындығына келгенде A.Z да ZaQ та әр қадамын жігіттермен ақылдасып, әрекет етуді жөн санайды. ALEM, ACE, және BALA оларға қолдау көрсетуге әрдайым әзір.
«Шындығына келген кезде әрине иә ақылдасады ғой. Осындай тақырыпта ән жазайық деп жатырмыз. Қалай қарайсың деп өлеңді тыңдатады. Мына жерде былай-былай қосқан дұрыс па, деген сияқты. Әрине, кішкене ақылдасамыз. Алайда, толықтай альбомды жазып шыққан өздері. Бізде өз ойымызды айтамыз мына жері жақсы деген сияқты деп», — деді ALEM
Жігіттер жеке шығармашылыққа бет бұрды, тоқсан бірде тоқырау деп ойламаңыз. Nynety One жақында Ресейде өтетін «My musictaste» жобасына қызу дайындық үстінде. Отандастарымыз алдағы уақытта Мәскеу сахнасын да бағындыруды көздеп жүр.


«Мәскеу деп жатыр енді. Біз әлі Ресейге барып көрген жоқпыз. Бірақ, болашақта қадам басатынымызға күмәніміз жоқ», — дейді BALA.
Отандық орындаушыларға сәттілік серік болса, көршілес Ресей мемлекетіндегі тыңдармандарымен қауышып, тың туындыларымен тәнті етуді жоспарлауда. Тіпті, жігіттер дәл осы іс сапарында топ репертуарына орыс тілінде тректерді қосса, таңғалмаңыз!
«Ресейге барғаннан кейін біз толықтай концерт қоямыз. Ал қалғанын орысша жазамыз ба, жазбаймыз ба оны ойлағанда жоқпыз. Мүмкіндік болып жатса, жазамыз көреміз. Болашақ көрсете жатар», — деді жігіттер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close