Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамаларСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Кетші әрі кет, қарағым!» Айқын кеудесінен итерген қыздарға арнап бейнебаян түсірді

Айқын анайы сөздерімен көпшілікке танымал Argonya-мен дуэт құрды. Қос әнші тың туынды арқылы хайпқұмарлардың қатарын толықтырып, кезінде кеудесінен итерген қыздарға су жаңа бейнебаян арқылы жауап берді деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Отандық шоу-бизнес тағы бір дуэтпен толықты! Бұл жолы өзге өнерпазбен шығармашылық тандем жарастырған Айқын! Төлепбергеннің таңдауы жас әнші Аргонияға түсіпті.
«Негізі Argonyaмен алдында отырып дуэт жазамыз ба деген ой болған негізі. Мен сол кезде киноға саундтрэк іздеп жатқанмын. Сөйтіп Арғынның репертуарныдағы әндердің бәрін тыңдап шықтым», — дейді Айқын.
Argonya әндеріндегі боқтық сөздермен, анайы мәтіндерімен қалың көпшілікке жақсы таныс. Десекте, Арғынның жұрт назарын аударуда қолданған тәсілі Айқынды бірден баурап алған секілді. Дуэт жазуда тіпті Төлепберген Аусаровқа өзі ұсыныс тастаған.
«Негізі мен Argonyaны көргенде стилі ұнаған. Білеміз ғой енді әнші ретінде. Содан кейін өзіме бір ән таңдадым. Мен айтып жүрген болатынмын. Осы маған бір ән жазып берші, көрсетші демоларыңды дегенде осы ән ұнады. Сосын бірге жазайық дедім. Бәрібір Арғынның өзінің стилін қайталай алмайсың», — деді Төлепберген.
Түсіріліп жатқан бейнебаян Айқынның жаңа фильміне саундтрек. Әдетте киноға арнайы ән жазылатын еді, бірақ бұл туындының тарихы тым басқа. Әуеннің мәтінінде кезінде жас аруға ғашық болған композтитордың өмірі суреттелген.
«Ер адам болғаннан кейін, біз бір қызға көңіл бөліп қараған кезде, кез-келген қыз ішінен сезініп тұрады ғой. Мен бір жерге барған кезде бір қыз ұнады. Сосын оған қарап тұрдым. Ол да біліп тұр менің өарап тұрғанымды. Бірақ, маған қарамды. Ашуыма тиіп кетті маған назар аудармағаны. Сол кезде шыққан ән ғой», — деді Арғын.
Ән ерте жарыққа шығып қойғанымен Төлепберген саундтрэк таңдаудан жаңылыспаған секілді. Тректің сөзі көктемде үлкен экранға жол тартатын «Где мое кольцо» фильмінің сценариімен бірден үндестік тапқан.
«Негізі көңілді ән, арасында қалжыңдары бар. Кинода солай шыққан. Фильмнің басында саундтрэкке әдемі сәйкес келіп тұр», — деді Айқын.
Айқын мен Аргония дуэті мұнымен тоқтап қалмасы анық. Қос тарапта алдағы уақытта жарасымды тандемді жалғастырамыз деп отыр. Ал, күні кеше түсірілім жұмыстары аяқталған бейнебаянның тұсауын Төлепберген туған күнінің қарсаңында кеспек!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close