Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Қайрат Тунтеков Америкаға барып, камбэк жасамақ

Белгілі бір себептердің саласынан төрт жылға жуық, ерекше дауыс иесі Қайрат Тунтековты көрермендері әбден жоғалтып, сағынған еді. Араға уақыт сала сахнаға қайта оралған Қайрат үлкен камбэк жасауға бекініп отырғанын НТК Ревью жаңалықтарына берген сұхбатында айта кетті. Әуелі камбэк дегеніміз не? — соған тоқтала кетсек. Ағылшынның «come back», яғни қазақша баламасы қайта оралу деген сөзі.

«Неліктен жаңа әндерді жиі шығаруды қойдыңыз?» — деген сұраққа әнші:  “Мен шығарсам болатын еді, на-на-на деп шығара салам. Күніне пачка-пачка өлеңдерді шығара беруге болады. Сөздің шыны керек. Бірақ менің ішкі дүнием ондай емес те көрдіңіз бе”, – деп ерекшелікті қалайтынын түсіндірді Қайрат.

Қиындықтарына қарамастан үлкен камбэк жасауға бекінген орындаушы, жуық арада «Америка дауысы» байқауында ән шырқап қалатынын да атап өтті.

“Кішкентай кезімнен осы мақсатым бар, Америкаға барып, жасым 58-ге келетін болса да, барамын да әйтеуір өзімнің атымды шығарамын сол жақта. Тек қана өзім-өзім деп жатқан жоқпын. Ондай емес менде, мен тұра бермеймін Америкада, өз елімде боламын. Бірақ қазақтың атын қатты шығарғым келіп жүр”, – дейді Қайрат.

Одан бөлек, өнер иесі бірнеше тың туындылар жазып қойған көрінеді. Қатарға қайта қосылдым деген Қайратты, жаңа әніне сусаған тыңдармандары бары қуантады.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close