Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаШоу бизнесӘнші

Жазира Байырбекова қызы жайлы айтып берді

Жазира Байырбекова алғаш рет қызы туралы ашық айтты. Жұлдызды ана шығармашылығындағы жаңалықтарымен де бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Араға жиырма екі жыл салып, кестегерін қолына алған Жазира Байырбекованы бүгінде бала тәрбиесі көбірек толғандырып жүр. Жас ана кішкентай ханшайымын әу баста әлди әнімен тербетіп, бесікке бөлеуді мақсат тұтқан. Алайда заманауи медицина, қазақы салттың сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізетінін алға тартқан. Осы мәселеде шешімін таппаған әнші, тыңдармандарының көмегіне жүгінуді жөн санап, әлеуметтік желіде арнайы пост жариялаған.

«Дәрігерлердің айтуы бойынша бесікке байлау дұрыс емес екен. Мен сол жөнінде жазып, халықтың пікірін білгім келді. Бірақ бәрібір бесіксіз баланы тәрбиелегеніміз дұрыс емес сияқты», — дейді әнші.

Жас ананың жүргізген дәл осы сауалнамасына желі қолданушылары белсенділік танытып, басым бөлігі қазақы салт-дәстүрді қолдаған. Халықтың пікіріне құлақ асқан Жазира Байырбекова, бүгінде қызын бесікке бөлеп жүр.

«Ол бесікте тәрбие, ұлттық жан-дүниеміздің сыры бар сияқты. Сондықтан менің қызым дәл қазір бесікте жатыр», — дейді Жазира Байырбекова.

Жанболат пен Жазира бөбегін әлеуметтік желідегі жұрт назарына жиі жариялайды. Кенжесі қазір тәтті қылық шығарып, жанұяның көз қуанышына айналған. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдеріне тіс жармаған  жұлдызды жұп, Дара қызы жайлы алғаш рет ашып айтты.

 «Жағдайы шүкір, жақсы»

Бүгінде әншінің шығармашылығы да ұлттық колориттермен үндестік тапқан. Өнер иесінің таяуда таспаланған бейнебаянында бесік, киіз үй басты назарға алынып, тұсаукесер, ұзату дәстүрі дәріптелмек. Әдетте Жанболатпен ән шырқайтын Жазира, бұл жолы жас әнші Индира Елемеспен дуэт құрған.

«Индира маған назданып, еркелеп,  сізбен бірге «Ұзату» әнін орындасам, бейнебаян түсірсем деп айтты. Мен оны жөн көрдім. Өйткені қазақи  нақышта, салт-дәстүрімізге жақын дүниелерге сіңлілеріміз бет бұрғысы келіп жатса, біз қалай қуанбаймыз?», — деді өнер иесі.

«Қателеспесем, идея осыдан екі ай бұрын туындады. Концерттердің бірінде Жазира әпкеммен сөйлесіп тұрып, ойда жоқта осылай дуэт айтамыз деп шештік. Бұл Жазира Байырбекованың әні. Маған өте ұнады. Менде бұрын-соңды мұндай бағытта туындылар болған жоқ қой. Әндерімнің басым бөлігі заманауи», — дейді Индира Елемес.

Алайда жас әншімен әрі қарай бірлесе ән шырқау, Жазира Байырбекованың жоспарында жоқ. Бірақ «Ұзату» туындысы қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, сұранысқа ие болса, шығармашылық тандем жалғасын табуы мүмкін.

«Дуэт әрі қарай болады деп айта алмаймын. Өйткені Индираның өз стилі бар, мен дуэттің әншісімін дегендей. Бірақ кейде осылай апалы-сіңлілердің, жеңге мен қайын сіңлілердің, ұзатудың әндері кездесіп жатса, Индира екеумізге ұсынып жатса, әрине бас тартпаймыз», — деді Байырбекова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close