СұхбаттарШоу бизнесЭксклюзив

«Көбірек қатынасу қиын болып жатыр» Айдарқұлов балаларымен неге сирек кездесетінін айтты

Қолы қалт етсе бар уақытын балаларымен өткізуге тырысатын Дәурен бірінші некесіндегі ұл-қыздарымен жүздесуі неге сиреп кеткендігін айтты деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Айдарқұлов пен алғашқы отбасының арасы алшақтаған. Бүгінде Дәурен Алматыда, ал бірінші жанұясы бас қалаға қоныс аударыпты. Бұрындары бір шаһарда тұрған шақта қолы қалт етсе балаларына барынша көңіл бөлуге тырысатын әке өміріндегі бұл өзгеріске үйренісе алмай жүрсе керек.
«Менің алғашқы жанұям балаларым бәрі Астанаға көшіп кетті. Сол себептен көбірек қатынасу қиын болып жатыр. Бірақ мүмкіндігімше видео байланыс арқылы араласып тұрамын. Күнде сөйлесуге өзімнің тәрбиемді айтуға ұялы телефон арқылы тырысып жүрміз. Құдайға шүкір енді мүмкіндігімше барып тұрамыз. Кемінде айына бір рет», — деді Дәурен.
Дәурен мен балаларының жиі жүздесуіне қос қаладағы ара қашықтық кедергісін келтіріп жүр. Өткен демалыста Айдарқұлов алғашқы некесіндегі ұл-қыздарымен кездесу үшін елордамызға арнайы барса, енді жұлдызды әке оқу жылындағы үшінші тоқсанның тәмамдалғанын тағатсыздана күтуде.
«Алматыдан көшіп кеткеніне екі ай болды. Сол себепті әлі мұнда келген жоқ. Оқулары болды. Демалыс кезінде мен өзім бардым. Енді құдай қаласа көктемгі демалыста Алматыға келіп қалар Инша Алла», — деді Айарқұлов.
Иә, Дәурен алдағы күндері қос жанұясындағы құлыншақтардың басын қосып, Алматыда демалыс күндерін өткізбекші. Ал бұған жас келіншегі қалай қарайды?
«Ақбота ол үшін маған ренжімейді. Түсінеді. Сондықтан балаларыммен кездесіп, сөйлесу қиындық тудырмайды», — деді Дәурен.
Десек те, екі отбасының қарым-қатынасы туралы Ақботадан сұрап көрген едік. Алайда Сейтмағанбет қойылған сұраққа жауап беруден бас тартты.
«Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді», — деді Ақбота қысқа қайырып.
Ақбота мен Жұлдыздың тағдыры өте ұқсас екені тағы бір мәрте дәлелденді. Алғашқыда KeshYou-де бірге ән салған қыздардың екеуі де отбасылы ер азаматтың етегінен ұстап кеткен еді. Ал өткен жылдың соңында Айқын өзі мен жұбайы жайлы кинотуындының түсірілімін бастаса, бұл жолы ол эстафетаны Дәурен қабыл алған секілді. Алдағы уақытта Айдарқұловтар отбасы да жанұялық фильм таспалауды жөн көрген.
«Биылға сценарий жазудамыз. Мүмкін жазда ма, өзімнің алғашқы авторлық киномды түсіруге ниет болып жатыр. Ол комедия. Және де басты рөлде мен және Ақбота болатын шығар құдай қаласа», — деді Айдарқұлов.
Иә, Дәурен мен Ақботаның шаңырақ көтеруі көптің талқысына түскен еді кезінде. Алайда, бұлардың жұрт білмейтін құпиялары әлі көп. Дәл осы картина арқылы Айдарқұлов өткен өмірінен алынған шынайы оқиғаларды көрсетпек.
«Біз мүмкіндігімше Ақбота және өзімнің өмірде қандай екенімізді көрсетіп, және де халық бізді қалай таниды. Соның бәрін араластырып көрсетуге тырысамыз. Және де ең бастысы күлкілі комедия болады деп сенемін», — дейді актер.
Атышулы жұптың сыры мен жырын суреттейтін комедия жыл соңында үлкен экранға жол тартуы мүмкін!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close