Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесӘнші

Баян Алагөзованың шәкірті оқудан неге шеттетілмек?

Жас әнші, бүгінде Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті C.C. Tay, ән байқауында бағын сынамақ, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

C.C.Tay отандық шоу-бизнесте ерекше стилімен, өзгеше бағыттағы әндердің орындаушысы ретінде жас тыңдармандарға жақсы таныс. Бүгінде Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының екінші курсына аяқ басқан ару, шығармашылығында аса белсенділік танытқанымен, оқуын естен шығарып алған сыңайлы. Студент қыз таяуда өткен қысқы сессиядан сүрінген.

«Дене шынықтыру сабағынан жаздық емтиханға қалып қойдым. Негізі денсаулығыма байланысты босатылу болған. Бірақ анықтама қағазды көрмеген болар, өткізбеді. Енді оны өзгерте алмаймын. Амалым жоқ. Бұл мәселені ақша беріп, тойыңызда ән айтып беремін дегендей жолдармен шешуден аулақпын. Мұғалім қандай бағаны лайық көреді, соны аламын. Апай төрт десе, жақсы, оған да ренжімеймін», — дейді жас әнші.

Әйгерім Мергенбай алғашқыда өзімен аттас «Сиситай» фильмі арқылы көпшілікке танылды. Кейіннен ару әншілік мансабында дәл осы есімді қалыптастырғанымен, Баян Алагөзованың аталмыш музыкалық комедиясы аса атақ әкелмеген.

«Бұл кино керемет танымалдылық әкелді деп айта алмаймын. Кезіндегі Қыз Жібек пен Төлегендей атақ қалған жоқ. Біз керісінше сол атты әрі қарай дамытып, маған сіңдірдік десем болады», — дейді C.C. Tay.

Алайда аталмыш кинотуындыдан соң бойжеткеннің үлкен сахнаға жолы ашылғаны рас. Тіпті режиссерлер тарапынан да ұсыныс аз түспеген. Бүгінде актрисалықтан гөрі әншілік қырын құп көрген ару, көпшілігінен бас тартыпты. Алайда Баян Мақсатқызынан шақырту алса, ешқашан тартынбайтынын алға тартты. Онымен қоса продюсердің қарамағындағы «KeshYou» қыздармен бір топта оқиды.

«Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасым жақсы. Жақында «Түсімде көрем» деген үнтаспам шыққан кезде шақырған болатынмын. Мақтады, қолдады. «KeshYou» қыздарымен де жақсы араласамын. Балаусамен бес жасымнан таныспын десем болады. Сәлемім де түзу. Сабақта көргенде қалайсың, қалайсың деп қоямын», — дейді әнші ару.

Бүгінде репертуарын жаңартып, түрлі жанрдағы туындыларды таңдауда алдына жан салмай жүрген ару, алдағы уақытта вокалдық байқауларда бағын сынап көрмекші. Әзірге C.C.Tay-дың командасы ән додасының атын жасырын ұстауды жөн көрген.

«Даусыңды шында, дайындал, көбірек вокалға бар, деп бір ескертіп қойды. Әзірге қандай байқау, қашан болады, екі жылдан кейін бе, бір айдан соң ба, ол жағы белгісіз. Сондықтан байқауға қатысып жатсам, таң қалмаңыздар!», — деді C.C. Tay.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close