Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

Продюсер Алуа Қонарова келін түсірмек

Қонарованың қол астындағы Renzo тобының жігіттері жақында отау құрып, бойдақтықпен қош айтысуды көздеп жүр деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Жақында Алуа Қонарова келін түсірсе таңғалмаңыз! Себебі, азулы продюсердің қол астындағы топ бүгінге дейін жеке өмірі жайлы ешкімге тіс жарып ашып айтпаған еді. Ал, дәл қазіргі таңда жігіттер үйленудің қамына кіріскен.
«Менің басым бос емес», -деді Renzo тобының әншісі Ержан.
«Менің қызым бар!Басым бос емес», — деді Асқар.
Алайда, Renzo-ның құрамына келген Дәулет сүйіктісін жолықтырып үлгермеген. Өйткені бойзбендтің кенжесі үшін жар таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді.
«Менің басым бос. Негізі көп жерде белгілі бір ортада отқан кезде, болмаса үйде әке-шешемізбен сөйлесіп отырған кезде ең бірінші ол жардан қателеспеу керек дейді. Мамандықта, дос та уақытша дүние. Өйткені барлығы өз уақытысымен кете береді. Сені түсіне білетін жан қасында жүрсе қандай жақсы», — деді Дәулет.
Ал, атаулы топтың белді мүшесі Есеттің сүйіктісі болғанымен, өзге қыздарға қырындауын қоя алмай жүр! Себебі, сұлулыққа жаны құмар жігіттің көзіне нәзік жандылар іліксе, естен танып ғашығының бар екенін де ұмытып кететінін жасырмайды.
«Негізі алты жылдай болды. Мен бір қызды шынымен қатты жақсы көремін. Әлі күнге дейін біргеміз. Негізі жас кезімде қателіктер жасадым. Менің басым бос емес. Бірақ әдемі қыздарды көргенде өз-өзімді ұстай алмаймын», — деді Renzo тобының белді мүшесі Есет.
Иә, бойзбенд солистерінің отау құру ойында бар. Алайда, Қонарованың келісімшартта қойған талаптары, жігіттердің шаңырақ көтеруіне кедергісін келтіріп жүр. Бірақ, продюсермен топ мүшелерінің арасындағы ресми құжаттың жарамдылығы 1 жарым жылдан соң өз күшін жоймақ.
«Келісімшарт өз күшінде болғанша біздің .йленуге құқығымыз жоқ деп кесіп айта аламыз», -деді Асқар.
Жеке өмірге бет бұрған жігіттер, шығармашылықты да естен шығармақ емес. Сахнадан біршама уақыт үзіліс алған «Рензолықтар» бір сәтте жарқ етіп тыңдармандарын таңғалдыруды көздеп жүр.
«Қазіргі таңда жаңадан өлеңдер жазып жатырмыз. Бұл жаңа бағыттағы әндер деп айта аламыз. Біздің ойымызша тыңдармандарымызды таңғалдырамыз деп ойлаймыз. Бірақ дәл қазір ашып ештеңе айтқымыз келіп тұрған жоқ. Бірақ таңғаларлықтай дүние болады деген ойдамыз», — деді жігіттер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close