Басты жаңалықтар

Арманы адастырмаған Арман мырза жайлы білесіз бе?

Қазіргі уақытта әдебиет саласында өзіндік қолтаңбасы бар, және Монғол кинотуындыларын таспалаған режиссер әрі продюсер, халықаралық дәрежедегі таңдаулы маманға айналған тұлға Арман Әленнің жеткен жетістігі жайлы бірі білсе, бірі білмес. Арман Моңғолия астанасы — Ұлан батырды мекендеген қарапайым отбасында дүниеге келген қазақ баласы. Кішкентай кезінен тарихтың қыры мен сырын бойына сіңіріп өскен. Арман саясаттану мамандығынан бөлек, тарих факультетінде бітіріп шығып, сондай-ақ кино өнерінде көшпенділер әлемі жайлы әсерлі таспалауда үлкен әсер еткендігі жайлы жасырмайды. Бала кезінен тарих пен өнерге жақын болған Арман әдебиет саласында бақ сынауды жөн көреді. 1991 жылы Ресейде өткен «Green Peace-2» байқауында «Ана көңілі», «Маймылдар» атты әңгімелері жеңіс туын желбіретіп, ол жамен оралады. Осы байқаудан кейін, өзі ынтық болған өнер түрлерімен айналысуды жөн санайды. Қоғам өміріне белсене ат са лысу ды да естен шығарман Арман мырза, Моңғолияның мер зімді баспасөзінде дүмпу жасаған жұмыс сыздарды қолдау мақсатында шығарылған «Жұ мысқа қабылдаймын!» газеті, осы елдің ең ірі радиоарналарында жүрген «Келешектен келген малшы» көп бөлімді қойылымы, телевизия саласына жаңа бетбұрыс жасаған «Сіз кімсіз?», «Ашық есік» ток-шоулары оны ел алдындағы абыройға бөлеп, өзінің ең үлкен арманы – кино әлеміне алып келді. Кино саласына келместен бұрын, Моңғолиядағы телеарналарға телепьесалар жазып, оны халыққа ұсынып отырған. Ең әуелі әрқайсысы 26 бөлімнен тұратын «Кім кінәлі?», «Жәбірленушілер», «Бұзылмасын» радио пьесаларын жазады. Қылмыстық кодексті түсіндіруге арналған «Кім кінәлі?» радио қойылымы Моңғолия радиосының «Жылдың ең үздік бағдарламасы» ретінде танылып, «Алтын қорға» енеді. 2005-2006 жылдары түсіріп, эфирге шығарған «Шетсіз, шексіз шырмауық» атты 26 сериялы киносы халықаралық «Mercy Cor» ұйымы жүргізген зерттеу бойынша 400 мың адам көрген көрсеткішке ие болған. Танымы терең, жаңашылдығы зор қандасымызды Қытай мен Жапония мемлекеті өз тарихын бедерлейтін фильм түсіруге қайта-қайта шақырып, арнайы ұсыныс жасап отырғаны оның мықтылығын мойындағандары болса керек. 2013-2014 жылы режиссерлік және продюсерлік бабын жетік меңгерген Арман мырза көшпенділер әлемін бейнелейтін «Кіші хандар дәуірі» деп аталатын туындыны қолға алып, оны аз уақыт көлемінде, яғни 1-2 айдың ішінде түсіріп бітеді. 20 сериядан тұратын бұл туынды моңғол тарихына негізделген. Фильм экранға жол тартқан бойда халық қызығушылық туғызып, көп ұзамай үздік фильмдер қатарына қосыла бастайды. Бұл кинокартинаның неліктен аз уақыт ішінде түсілгені жайлы, Арман мырза да айтып өтті:
— «Кіші хандар дәуірі» фильмінің тез уақытта түсірілуінің өзіндік себебі де бар. Себеп – Моңғолия табиғаты және жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің көшпенді қалыпта сақталғандығы. Яғни натура іздеп қиналмайсыз, тарихи фильмдерге қажетті бұйымдар, киіз үй, ат-тұрман, мыңғырған мал, ат құлағында ойнайтын каскадер, мың қол әскерді бейнелейтін топ-топ адам іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Мал шаруашылығын кәсіп етіп, күні бүгінге дейін көшіп-қонып, көшпенді өмір салтын ұстанып, осы арқылы әлем туристерінің ағылып баратын жеріне айналған Моңғолия аумағының дені – тарихи кино түсіруге дайын тұрған алаң. Сондықтан фильмнің негізгі түсіріліміне қаржы өте аз жұмсалады. Декорацияны қолдан құрастырып, тапсырыспен жасатып, сырттан актер шақырудың қажеті болмады.
Оның үстіне, тарихи фильмді 1000-ға жуық телеарна жарнамаларын, 50-60 моңғолиялық және шетелдік әншілердің концерттерін, 200-ден астам бейнеклип, деректі фильмдер, бағдарламалар мен көркем фильм дерді жарыққа шығарған «Ес Ти» секілді өз киностудиямызда түсірдік. Өз күшімізбен өз техникамызды пайдаландық. Бүгінгі таңда шығармашылық бірлестігіміз АҚШ пен Оңтүстік Корея елдерінің кино ал пауыттарымен тығыз қарым-қатынаста дейді Арман.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close