InstaNewsЖаңалықтарКлассикаМузыкаШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

«Нұрғали аға, жарайсыз!» Мәдина Сәдуақасова 82 жасында үйленген Нүсіпжановты мақтады

Егде жасқа таяған шағында шаңырақ көтерген Нұрғали Нүсіпжанов тағы да жұрттың талқысына түсті, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова инстаграм парақшасына Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретін жүктеп, өнердегі ағасын ерекше сипаттаған. Әнші бикешті Халық әртісінің сыртқы образы таңғалдырған көрінеді.

«Нұрғали ағамызбен концертте кездесіп, ол кісінің өзгерген стилін, жаңарған шаш үлгісін, ерекше киімін көріп «Нұрғали аға, жарайсыз» — дегім келеді! Шығармашылықтың адамы осылай өзгеріп тұру керек! Өте жарасымды!» — деді Мәдина инстаграмда.

Мәдинаның бұл жазбасы ғаламторда лезде тарап үлгерді. Пікірлерге зер салсақ, Нұрғали мырзаның жаңа образы желідегілерге жақпай қалған секілді. Бірі егде жастағы әншіні келеке қылса, екінші тарап жас әйелге үйленген Нүсіпжановтың өңінен өзгерісті анық байқағанын жарыса жазуда.

«Өлтіріп макияж жасап беріпті ғой Нұрғали ағамызға. Қасын да бояуды ұмытпапты», «Түк жарасып тұрған жоқ. Әдемі қартаю керек қуыршақтай емес», «Толыпты. Жас келіншек баптап жатыр-ау», «Тоқал алыңдар енді», «Жас қыздың буымен жасара бастапты ғой», — деді әлеуметтік желі қолданушылары.

Айта кетейік, былтыр 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов 1982 жылы туған журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген еді. Жас жұбайлардың махаббат хикаясы ұзақ уақыт бойы қазнеттің қызу талқысына түсіп, елдің аузында жүрген-ді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close