Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Қайрат Нұртастың өмірі жайлы бағдарлама түсірілмек

Қайрат Нұртастың өмірі жайлы реалити форматында телевизиялық бағдарлама түсіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.  

Бұл жаңалық жайында орындаушының директоры Лаура Сейітбек хабарлады. Оның айтуынша, телевизиялық реалити-бағдарламаның нақты қай телеарнада көрсетілетіні әзірше белгісіз. Бірнеше телеарнамен келіссөздер жүргізіліп, соңында біреуі таңдалуы мүмкін екен. «Бұл жоба реалити форматында телеарналардың бірінде беріледі деп жоспарлап отырмыз. Әрине, халықтың сұранысы бойынша, бізге олардан Қайрат Нұртастың сахнадан тыс өмірі жайлы сұрақтар көптеп түседі. Сондықтан Қайраттың адамгершілігі, жеке қасиеттері, жеке ойлары мен пайымдары, кейде тіпті танымал адам болғаннан кейін неше түрлі жағдайлар болып жатады, міне, осы жайлы телебағдарлама көпшілік көрерменге қызықты болады деген ойдамыз», — деді ол.

Айтуынша, бұл жоба күзде немесе келесі жылы қолға алынады деп жоспарланып отыр екен. Ал бағдарламаның қандай болатынын және толығырақ мән-жайын Лаура Сейітбек түсірілім жұмыстары басталғанда хабарлайтынын айтты. «Барлық жай-жапсарын қазір айтып қойсақ, қызық болмай қалуы мүмкін. Сондықтан жаңа бағдарлама жайлы детальдар әзірше құпия қалсын», — деді Қайрат Нұртастың директоры.

Айта кетейік, 21 маусымда Өскемен қаласында Қайрат Нұртас пен ресейлік танымал әнші Нюша стадионда концерт береді.
.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Ассалаумалейкум Кайрат ага калайсыз денсаулыгыныз жаксыма мен Атырау каласынан боламын есимим Тлек Ермурат 1 ши топ мугедегимин 1999 жылы туылган Атыраукаласы Махамбет ауданына кашан концерт бересиз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close