Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Нұрлан Абдуллин хайпқұмар өнер иелерін сынға алды

Отандық шоу-бизнес өкілдері сәтсіз хайптарды атады. Ал Нұрлан Абдуллин таң қалдыруға жаны құмар жандарға қандай әдіс ұсынды? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Артем мен Луинаның отбасылық одағына тура бір ай толғанда, әнші жүктілігі жайлы жұмбақ жасырып, желіге сурет жүктегені кқптің есінде. Оқырмандары бикештің постын жақсылыққа балаған еді. Санаулы сағаттан соң, жас жұбайлар көпшілікке жаңалығын жария етті. Анығында өнер иесінің бұл қадамы нағыз хайп екені белгілі болды. Дәл осылай жұрт назарын аудару үшін түрлі тәсілге баратын әріптестерінің әрекетін Тамара Асар түсіне алмай әлек.

«Мен хайп жасауға қатты әуес емеспін. Ол деген қай жолмен болсын халықты таң қалдырып, атың шықпаса жер өрте дегеннің бір тәсілі ғой», — дейді Тамара Асар.

Ал бір кездері Назар Роллан есімді азамат, Әл-Фараби даңғылында көлігімен әдейі қарсы бағытқа шығып, көпшіліктің ашуын туғызған еді. Нұрлан Абдуллин де жас жігіттің бұл әрекетін сәтсіз хайпқа балап отыр.

«Таң қалдыратын болсаң онда түйені, жылқыны көтеріп көр. Ал жастар көбінесе машинаны кері айдап, жұртқа жақпайтын бір істерімен хайп жасайды. Соған қарның ашады», — дейді әнші.

Ал «Alemband» серілерін нағыз хайпқұмарлар деп айтуға толық негіз бар. Қос бірдей клипке атышулы Айжан Байзақованы таңдап, аудиториясын арттыруды көздеген топ, араға уақыт салып, жалаңаш образымен Қазнетте талқыға түскен  Шырын Нарчаеваны да шақырған. Алайда  танымалдылық үшін ерсі қылықты қыздармен шығармашылық байланыс орнатқан boysband-тің  бұл қадамын өзге өнер иелері құптамайды.

«Көп жастарымыз хайп деп кей кезде өздерін таныту үшін сәл ұятсыздау әрекеттер істеп, жолынан адасып кетіп жатады. Хайп жасаған дұрыс. Бірақ оны орнымен істеу керек деп ойлаймын», — дейді Кенжебек Жанәбілов.

«Менің әрдайым айтатыным, хайп керек. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ шектен шықпау қажет. Өйткені сен адамсың. Ертең есейесің, бала-шағаң болады. Сондықтан кейін ұят болмайтын іс жасамасаң болды», — дейді Бейбіт Күшқалиев.

Өткен жылы Арман мен Ашаны ғаламтор тұтынушылары айырылысып кетті деп топшылады. Жұрттың дәл осылай жорамалдауының да өз жөні бар. Мәселен ерлі-зайыптылар инстаграм желісінде бір-бірін бұғаттап, көпшіліктің күдігін үдетті. Кейін жұлдызды жұптың «Ау, жаным» бейнебаянына жасалған пиар қадам екені белгілі болды. Ал тыңдарманның талқысына түсу үшін жеке өмірін хайпқа қиған Қоңырбаев пен Матайдың хикаясына өзге өнерпаздар оң қабақ танытпаған.

«Хайпты әдейі жасап, айырылысып кетіпті деп сондай біртүрлі әңгімелермен құрастырғанды  жек көремін. Негізі хайп деген ойда жоқта пайда болады. Міне, нағыз таң қалдыру осы. Ол халыққа да өтеді.

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында түрлі тәсіл арқылы  халықты таң қалдыруға құмартқандар қатары көбеймесе, сиремек емес. Бірақ бастысы, хайп қуамын деп, тайып құламаса болғаны!

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close